KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Торнадо 500

Гербицидтер-десиканттар
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Құрамындағы әсерлі заттардың мөлшері жоғары, жаппай әсер ететін әмбебап гербицид және десикант.

Әсерлі заттың сипаттамасы

глифосат фосфорорганикалық қоспаларға жатады және жүйелік әсері бар.

Әсер ету спектрі

жойылуы қиынға соғатын түрлерін қоса алғанда (жатаған бидайық, тікенді сарықалуен, дала шырмауығы, қызғылт укекіре, ажырық және т.б.) барлық біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер 

Әсер ету механизмі

өсімдікке олардың жапырақтары мен басқа да жасыл бөлшектері арқылы сіңеді және арамшөптің бүкіл бойына тарайды, олардың тамыр жүйелеріне жетіп, өсу нүктелерін зақымдайды және өсімдіктің жер бетіндегі және жер астындағы органдары толық өледі. Тұқымға әсері жоқ.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

біржылдық арамшөптерге гербицид әсерінің көзге көрінетін симптомдары бүріккен соң 4 - 5 күннен кейін, көпжылдық арамшөптерге 7 - 10 күннен кейін, қамысқа - 20 - 30 күннен кейін байқалады.  Симптомдары: өсімдік сарғаяды, күреңденеді, жапырақтары құрғап қалады. Кейін сабақтары, жер астындағы өркендері, тамырлары мен тамыр сабақтары өледі. Арамшөптер өңделген соң 1 - 4 аптадан кейін толық жойылады. Ауа райының қолайсыз жағдайында(суық, құрғақшылық, жауын-шашын) гербицидтің әсері баяулауы мүмкін.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.