KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Симба

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Қант қызылшасы, қытайбұршақ, жүгері, күнбағыс және рапс егістіктерінде біржылдық астық тұқымдас және кейбір қосжарнақты арамшөптерге қарсы күресуге арналған топырақ арқылы әсер ететін гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

С-метолахлор хлорацетамидтер тобына жатады, жүйелі әсері бар.

Әсер ету спектрі

Симба® препараты біржылдық арамшөптердің кең спектріне және қосжарнақты арамшөптердің кейбір маңызыды түрлеріне қарсы тиімді. Мысалы, препаратқа сезімталдығы жоғары арамшөптер: галинсога (түлері), таран (түлері), егістік қыша, құмай жүгері (өскіндері), дымқыл жұлдызшөп, ақ алабұта, қара алқа, жұмыршақ, бақша қараоты, тары (түлері), күрмектары, түймедақ (түлері), құмтары (түлері), қонақ жүгері, мысыққұйрық (түлері), гүлтәж (түлері), қарақошқыл тауқалақай және т.б.. Көпжылдық арамшөп түрлері гербицидке төзімді келеді.

Әсер ету механизмі

әсерлі заттар негізінен өскіннің сабақшасы арқылы сіңеді, астық тұқымдас арамшөптерде ең алдымен колеоптиль арқылы, ал қосжарнақтыларда - тұқым жарнағы арқылы сіңеді. Тұқым жарнақтарының пайда болу процестері кешігеді, өскін ширатылып, кейін өледі.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

гербицид өзіне сезімтал арамшөптерге олардың ең бастапқы өсу фазасында әсер етеді. Әсерлі заттар арамшөптердің көктеп шығу фазасында сіңіріледі, сондықтан арамшөптер олардың өскіндері пайда болғанға дейін өледі.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

ұзақ мерзім бойына ( 8 - 10 апта). Препарат топырақ бетінде гербицидтік "экран" құрылу нәтижесінде ұзақ уақыт әсер етеді. 

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.