KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Плуггер

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Дәнді дақылдардың егістігінде біржылдық және кейбір көпжылдық, соның ішінде 2,4-Д және МЦПА-ға төзімді арамшөптердің кең спектрін жоюға арналған қоскомпонентті гербицид. .

Әсерлі заттың сипаттамасы

трибенурон-метил және метсульфурон-метил  сульфонилмочевинадан өндірілген химиялық топқа жатады, жүйелі әсері бар.

Әсер ету спектрі

Плуггер® көптеген біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы тиімді, мысалы ләйлекшөп, жусанжапырақты ойраншөп (өскіндері), сарықалуен (түрлері), кәдімгі бородавник, бөденешөп (түрлері), қазтамақ (түрлері), таран (түрлері), екпе сиыржоңышқа, егістік және қара қыша, татар қарақұмығы, сарыбасқурай (түрлері),  София сармаласы, біржылдық дивала, ақбасқурай, дымқыл жұлдызшөп, дала қырыққабаты, күйдіргі қалақай, кәдімгі зиягүл, дала сарғалдағы, ақ алабұта, канада майдажелегі, дәрілік бақбақ, қалуен (түрлері), жұмыршақ, пикульник (түрлері), арамшөп күнбағыс, дала өгізкөгі, жабайы шомыр, түймедақ (түрлері), жабынды кәді, кәдімгі ешкімия, қымыздық, қызылша гүлтәжі, нәзік хориспора, дала шегіргүлі, қызылкүрең тауқалақай, егістік қанат жеміс және т.б.  Препарат өңдеу кезінде жаңадан өсіп шыққан, сондай-ақ өсіп тұрған арамшөптерге әсер етеді. 

Әсер ету механизмі

препараттың әсерлі заттары ауыстырылмайтын амин қышқылдарының синтезіне қатысатын ацетолактатсинтаз ферментін блоктайды, Гербицидтің жүйелі әсері бар, арамшөптердің жапырақтары мен тамырлары арқылы сіңіп, оның бойында оңай жылжиды және оның өсу процесін тоқтатады.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

Плуггер® жапырақ арқылы тез сіңіп, арамшөптің бүкіл бойына тарайды. Сезімтал арамшөптер бүріккен соң бірнеше сағаттан кейін өсуін тоқтатады. Өсу процесінің баяулауы өңдеу кезіндегі ауа райының жағдайына (ылғалдылық, температура), арамшөп түрінің құрамына, олардың даму фазаларына (жас өсімдіктер гербицидке сезімтал келеді) байланысты. Өңделген соң 1 - 3 аптадан кейін арамшөптердің жапырақтары хлор түстес болып өзгереді, өсу нүктелері өліп, 2 - 3 аптадан кейін толық жойылғаны байқалады.

Сақтау

Қаптама

банкалар 500

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.