Әсерлі заттың сипаттамасы
метамитрон 1,2,3-триазинондар тобына жатады.
метамитрон 1,2,3-триазинондар тобына жатады.
Пилотқа® сезімтал: бөденешөп (түрлері), майда гүлді галинсог, таран (түрлері), егістік қыша, сарыбасқурай (түрлері), София сармаласы, дәріханалық аран, дымқыл жұлдызшөп, жабайы қырыққабат, сыпыртқы изен, кәдімгі зиягүл, көкпек (түрлері), алабұта (түрлері), жұмыршақ, қара алқа, пикульник (түрлері), жабысқақ қызылбояу, бақша қараоты, түймедақ (түрлері), жабайы шомыр, қызылкүрең құмтары, трехреберник, гүлтәж (түрлері), қарақошқыл тауқалақай, егістік қанат жеміс, дала шегіргүлі, күрмектары.
біржылдық қосжарнақты арамшөптерді бастапқы даму кезеңінде басады, олардың тамырлары мен жапырақтары арқылы сіңіп, фотосинтез процесін тоқтатады.
өскін шыққанша қолданылса арамшөптер жаңа өсіп шыққан кезде, ал өскін шыққаннан кейін қолданылса бірнеше аптадан кейін өледі. Пилот® өсімдікке негізінен тамырлары арқылы сіңгендіктен топырақтағы әсері арамшөптердің жаңа "толқынының" пайда болу процесін тежейді.
препарат дақылдарды ауа райы жағдайына, танаптардың өңделу деңгейіне (арамшөп тұқымдарының топырақтағы запасы, олардың әр түрлілігі) байланысты 3 бастап 12 аптаға дейінгі мерзімде қорғауды қамтамасыз етеді.
канистрлар 10