Әсерлі заттың сипаттамасы
2-(4-арилоксифенокси)пропион қышқылы өнімдері.
2-(4-арилоксифенокси)пропион қышқылы өнімдері.
біржылдық астық тұқымдас арамшөптер – түлкіқұйрық, сіпсебас, кәдімгі қара сұлы, күрмектары, көгілдір мысыққұйрық, жасыл мысыққұйрық, қызылкүрең құмтары, үйбидайық, арпабас, біржылдық қоңырбас, өздігінен себілетін астық тұқымдастар. Көпжылдық астық тұқымдас арамшөптер – жатаған бидайық, ажырық, құмай, субидайық, ақ суоты, кәдімгі қоңырбас, ветвянка, кәдімгі қамыс.
жүйелі белсенділігі бар, оны арамшөптердің жапырақтары және жер бетіндегі бөлігі тез сіңіреді, өркендері мен тамырларының өсу нүктелеріне жылжып барады. Гербицидтің липидтер ситезін бұзуы өсімдіктің өліміне әкеп соғады. Препарат өңдеу кезінде егістікте кездесетін арамшөптерге ғана әсер етеді. Ол топырақ арқылы сіңбейді және бүрку жұмыстарынан кейін пайда болған арамшөптерге әсер етпейді.
арамшөптердің алғашқы әлсіреу симптомдары бүрку жұмыстарынан кейін 7 - 10 күннен кейін пайда болады, ал 1- 3 аптадан кейін толық жойылады. (арамшөптердің түріне және ауа райы жағдайына байланысты).
Әсер ету симптомдары арамшөптің жер бетіндегі бөлігі мен тамыр жүйесінің өспей тоқтап қалуы, жапырақ хлорозы болып табылады. Өсімдік солып қалады, ұлпалары кеуіп, антоциандық түске ие болады.
ауылшаруашылық дақылдарды өсіру технологиялары сақталған жағдайда Миура® егістіктерді біржылдық астық тұқымдас арамшөптерден өңдеу сәтінен бастап өсу кезеңі аяқталғанға дейін қорғауды қамтамасыз етеді.
канистрлар 5