KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Магнум

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Дәнді дақылдар мен зығыр егістіктерінде біржылдық және кейбір көпжылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы күресуге арналған үнемді гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

метсульфурон-метил сульфонилмочевинадан өндірілген топтарға жатады.

Әсер ету спектрі

сезімтал түрлері:: жусанжапырақты ойраншөп, тікенді сарықалуен, майысқан жапырақты бөденешөп, егістік жоңышқа, таран (түрлері), егістік қыша, Лезель сарыбасқурайы, дәрілік сарыбасқурай, София сармаласы, лакфиолды ақбас қурай, дымқыл жұлдызшөп, жабайы қырыққабат, күйдіргі қалақай, кәдімгі зиягүл, дала сарғалдағы, дәрілік бақбақ, бақша қалуені, жұмыршақ, пикульник (түрлері), арамшөп күнбағыс, дала өгізкөгі, жабайы шомыр, иіссіз түймедақ, жамылтқы кәді, қымыздық, қызылша гүлтәжі, дала шегіргүлі, қарақошқыл тауқалақай, егістік қанат жеміс және т.б.

Әсер ету механизмі

препарат арамшөптердің жапырақтары мен тамырлары арқылы сіңеді,  ксилема мен флоэма арқылы жылжиды.

Ол ацетолактатсинтаза ферментін басады, яғни ауыстырылмайтын амин қышқылдарының синтезін бұзады.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

Магнум® өсімдікке өңделген соң 4 сағаттың ішінде сіңеді. Препаратты жұтқан соң бірнеше сағаттан кейін өсімдіктің өсуі баяулайды. Арамшөптердің өсуіне қолайлы жағдай туындаған кезде көзге көрінетін алғашқы симптомдары 2 - 3 күннен кейін байқалады, төменгі температура мен құрғақшылық жағдайында кешірек байқалады.Әлсіреген арамшөптердің көзге нақты көрінетін белгілерін жылы және ылғал жеткілікті болған кезде 7 - 10 күннен кейін, ауа райы салқын және құрғақ болған жағдайда 15 - 20 күннен кейін байқауға болады.

Препарат әсерінің симптомдары: өркендері мен тамырларының өспей тоқтауы, талшықтарының түссізденуі, жоғарғы бүршіктерінің өлуі, жапырақтарының кейіпсіз түрге енуі, хлороз, некроз.Тым өсіп кеткен немесе гербицидке сезімталдығы төмен арамшөптер өлмейді, бірақ одан әрі дамымайды және дақылдардың өнімділігіне әсер етпейді.

Сақтау

Қаптама

банкалар 200

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.