Әсерлі заттың сипаттамасы
ципроконазол триазолдардың химиялық тобына жатады, қорғаныс және емдік әсері бар жүйелі фунгицид болып табылады. Тиабендазол бензимидазолдар тобына жатады, жүйелі түрде қорғаныс және емдік әсерімен сипатталады. Прохлораз имидазолдар тобына жатады, оқшаулау-жүйелі, қорғаныс әсерімен ерекшеленеді және емдік әсері күшті.
Әсер ету спектрі
дәнді дақылдар ауруларының кең жиынтығы, соның ішінде бидайдың – қатты қара күйе, тозаңды қара күйе, фузариоздық и гельминтоспориоздық тамыр шірігі, тұқымның зеңденуі, қар зеңі, ақ ұнтақ, церкоспореллез; арпаның – тас қара күйесі, тозаңды қара күйесі, фузариоздық және гельминтоспориоздық тамыр шірігі, тұқымның зеңденуі, ақ ұнтақ, церкоспореллез.
Әсер ету механизмі
прохлораз саңырауқұлақ жасушаларының қабығындағы биосинтезді тежейді. Өңделген тұқымға терең сіңбейді, соның нәтижесінде тұқымның бетіндегі және сыртқы қабығындағы ауру қоздырғыштарға қарсы өте тиімді. Прохлораз тамыр шірігіне және церкоспореллезге қарсы фунгицидтік белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Топырақтың жоғары тұрақтылығы есебінен күздік бидайды қар зеңінен қорғайды.
Қорғаныс әсерінің ұзақтығы
топырақ пен тұқым жұқпаларынан толық қорғауды қамтамасыз етеді. Оның тиімділігі тұқым көктегеннен бастап түтіктенген сәтке дейін сақталады.
Сақтау
Қаптама
канистрлар 10