KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Квикстеп

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Көптеген ауылшаруашылық егістіктерде біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған құрамалы жүйелі гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

клетодим циклогександионоксимдердің химиялық тобына жатады, галоксифоп-Р-метил –  арилоксифеноксипропиондық қышқалдан өндірілген топқа жатады. Белсенді заттардың екеуі де жүйелі әсер етеді.

Әсер ету спектрі

Квикстепке® сезімтал дала түлкіқұйрығы (тышқан құйрықты сияқты), кәдімгі сіпсебас, біржылдық қоңырбас, қара сұлы (іші қуыс сұлы), түк жапырақты қара сұлы (оңтүстік),күрмек тары (кәдімгі бұйырғын), тары түрлері, жатаған бидайық, қызылкүрең құмтары, көгілдір мысыққұйрық, жасыл мысыққұйрық.

Әсер ету механизмі

Квикстеп® жүйелі селективті гербицид болып табылады.

Әрекет ететін  екі заттың екеуі де ацетил-СоА-карбоксилазаны тежеу нәтижесінде майлы қышқылдардың биосинтезін басады..

Галоксифоп-Р-метил өсімдікке оның жапырақтары мен тамырлары арқылы сіңеді және галоксифопа-Р-ға дейін ыдырайды, кейін меристемдік ұлпаларға өтіп, олардың өсуін тоқтатады.

Клетодим тез сіңеді, өңделген жапырақтан оның тамыр жүйелеріне және өсу нүктелеріне көшеді.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

гербицид әсерінің симптомдары өңделген соң 1 - 3 күннің ішінде байқалады, түріне, даму фазасына және  ауа райына байланысты арамшөптер 1 - 2 аптаның ішінде жойылады.

Гербицид әсерінің симптомдары өсуі мен дамуының тоқтауы, хлороз, жапырақтың ортаңғы талшықтарының қызаруы, некроз. Жапырақтарының түсі өзгереді, арамшөп солып, кеуіп қалады.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

препарат өсімдіктің жер бетіндегі органдары арқылы сіңеді және тамыр жүйесіне қарай жылжиды, ол егістікте кездесетін арамшөптерге өңдеу кезінде әсер етеді. Гербицид топырақ арқылы сіңбейді және бүрку жұмыстарынан кейін шыққан арамшөптерге әсер етпейді. Квикстептің® тиімділігі негізінен вегетациялық кезеңнің барлық кезінде сақталады.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.