KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Зерномакс

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Сабақты астықдақылдылар егістігін қорғауға арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын, кең спектрлі әсері бар жүйелі гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

2,4-Д арилоксиалканкарбон қышқылынан өндірілгендер тобына жатады.

Әсер ету спектрі

сезімтал түрлері  (биологиялық тиімділігі 90 % жоғары): Айқышгүлдер тұқымдастарындағы барлық арамшөптер, дәріханалық аран, дымқыл жұлдызшөп, ақ алабұта, канада майдажелегі, дала ботакөзі, арамшөпті күнбағыс, біржылдық супияз, қызылша гүлтәжі, мүйізшөп (түрлері), тауқалақай (түрлері).

Орташа сезімтал түрлері (биологиялық тиімділігі 70 - 90 %): ләйлекшөп, жусанжапырақты ойраншөп, дала сарықалуені, көк гүлкекіре, түкті жоңышқа, дала шырмауығы (10 см дейін), майдагүлді галинсога, сарыбасқурай (түрлері), Софис сармаласы, кәдімгі ошаған, ақбасқурай, коммелина (түрлері), арам кенешөп, қалақай (түрлері), кәдімгі зиягүл, татар ассүттігені, көкпек, кәдімгі сиякөк, дәрілік бақбақ, сары қалуен, бақша қалуені, егістік көздәрі, кәдімгі жусан, бақша қараоты, итошаған.

Сезімталдығы төмен түрлері (биологиялық тиімділігі  70 % төмен): таран (түрлері), кәріқыз (түрлері), сүттіген (түрлері), пикульник (түрлері), жабысқақ қызылбояу, дәрілік емес түймедақ, дала шегіргүлі, дала қырықбуыны, біржылдық қайызғақшөп.

Әсер ету механизмі

Зерномакстың® әсерлі  жылдам, өңделген соң  1 сағаттың ішінде, өсімдікке сіңіп, флоэма және ксилемамен жылжиды, меристемалық ұлпаларда шоғырланады (өсу нүктелері), ал кейін – жаңадан құрылған вегетативтік органдарда жиналады. Препарат сезімтал өсімдік ұлпаларының қалыпты өсу процесін бұзады.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

арамшөптердің өсуі бүрку жұмыстары өткен соң бірінші тәулікте тоқтайды. Гербицид әсерінің алғашқы көзге көрінетін белгілері өңделген соң мөлшері 14 - 18 сағаттан кейін байқалады  ( 2,4-Д тұздарында –  2 күннен кейін, сульфонилмочевинада – орташа 5 - 7 күннен кейін). Сезімтал арамшөптер әдетте 3 - 7 күннен кейін өледі.  Ауа райының қолайсыз жағдайында гербицидтің белсенділігі төмендеуі мүмкін.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.