Әсерлі заттың сипаттамасы
тебуконазол триазолдардың химиялық тобына жатады, жоғары ерігіштігімен және жылжымалылығымен ерекшеленеді, жүйелі түрде алдын алу және емдеу әсері бар
Тиабендазол – бензимидазолдар тобындағы белсенді ингредиент, баяу ериді, жылжымалылық қасиеті азырақ. Қорғау және емдеу әсерлері бар.
Әсер ету спектрі
қатты, тозаңды, тас, қара (жалған), сабақ, жабық қара күйе, гельминтоспориозды және фузариозды тамыр шірігі, тұқымның зеңденуі, фузариоздық және тифулездік қар зеңі, қоңыр тат пен септориоз (бастапқы кезеңде).
Әсер ету механизмі
тұқымның ішіне кіріп, дәнді дақылдардың дән ұрығының ішінде жылжи отырып, препарат қара күйе жұқпасын жояды. Кейін өскіндердің өсу нүктелеріне жылжи отырып, жас өсімдік өскіндерін және оның тамырларын топырақ патогендерімен зақымданудан қорғайды. Виал® ТрасТ тұқымды уытсыздандырып қана қоймай, топырақ пен оның маңындағы өсімдік қалдықтарын зарарсыздандырады. Сондықтан астықтың замануи технологиялық өндірісінде, яғни топырақты аз өңдеу немесе өңдеменген жағдайда, жұқпалардың жоғары деңгейін қалыптастыратын,50 % астам дәнді дақылдармен қамтамасыз етілген ауыспалы егіс жағдайында оның теңдесі жоқ, Дәрілеуіш жапырақ-сабақ жұқпаларын өсімдіктің бастапқы өсу-даму кезеңінде әлсіретеді.
Виала® ТрасТ-тың құрамына енгізілген антистрестік компоненттерде өте аз мөлшерде өсуге ықпал ететін биологиялық белсенді модулятор бар. Олар қолайсыз жағдайларда (құрғақшылық, бүлінген тұқым себілген) тразольдық, соның ішінде тебуконазол қоспасын туғызуы мүмкін ретарданттың күшін бәсеңдетеді. Виал® ТрасТ өсімдіктің имунитетін нығайтатыны, тұқымның өсуін жақсартатыны, өсіп-өну энергиясын арттыратыны, өсімдіктің өсуіне ықпал ету арқылы олардың бірдей тұтас өсіп шығуын қамтамасыз ететіні атап өтілген.
Қорғаныс әсерінің ұзақтығы
Ол жас өсімдік өскіндерінің тамыр жүйелерін ұзақ мерзім бойы қорғайды.
Сақтау
Қаптама
канистрлар 5