Әсерлі заттың сипаттамасы
имазапир имидазолинондар тобына жатады.
имазапир имидазолинондар тобына жатады.
ауылшаруашылық мақсаттағы емес жерлерде: арамшөптердің барлық түрлері, соның ішінде: жусанжапырақты ойраншөп және жатаған укекіре, сондай-ақ жапырақты және қылқанжапырақты ағашты-бұтақты өсімдіктер түрлері, соның ішінде көктерек, қайың, қандағаш, тал, қарағай, шырша және т.б. Имидазолинон негізіндегі гербицидке төзімді күнбағыс пен рапстың сорттары мен будандары: біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптердің көпшілігі.
жүйелі әсері бар, ацетогидроксид қышқылындағы энзиманың синтезін тежейді, ДНК синтезін бұзады. Препарат жапырақ және тамыр арқылы өсімдікке тез сіңеді және флоэм мен ксилем арқылы тез жылжиды..
препарат әсерінің алғашқы белгілері өңделген соң 7 - 14 күннен кейін байқалады. Шөптес өсімдіктер 1 - 2 айдан кейін, ағаш-бұталы өсімдіктер 2 - 3 айдан кейін толық жойылады, Өңделген өсімдіктер өсуін тоқтатады, өсу нүктелері түссізденіп, күреңденеді, хлороз белгілері пайда болады.(бірінші кезекте жас жапырақтар). Кейін хлороз ұлпалардың некрозына ауысып, өсімдік жойылады.
Грейдер®-дің топырақтағы белсенділігі жоғары, сондықтан ол арамшөп өскіндерін ұзақ уақыт бойы жояды.. Препараттың тиімділігі өңделген сәттен бастап кем дегенде бір жылға сақталады (оның тиімділігі шығынның нормасына, арамшөптің қалыңдығына, олардың түр құрамына, топырақтың сапасына, климаттық жағдайға байланысты). Ауыл шаруашылығында қолдану кезінде препаратегістікті арамшөптерден қорғай белсенділігін оның барлық өсу кезеңінде толық сақтайды.
канистрлар 10
банкалар 1