Әсерлі заттың сипаттамасы
прометрин триазиндерден өндірілген топқа жатады.
прометрин триазиндерден өндірілген топқа жатады.
препарат біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптерді жояды, соның ішінде астық тұқымдас арамшөптердің келесі түрлері: кәдімгі бұйырғын (күрмектары), субидайық (түрлері), кәдімгі сіпсебас (егістік), біржылдық қоңырбас, қара сұлы,қызылкүрең құмтары, мысыққұйрық (түрлері); қосжарнақты арамшөп түрлері: көк гүлкекіре, бөденешөп (түрлері), майда гүлді галинсог, таран, бұдыр таран, егістік қыша, шырмауық таран, түйежоңышқа (түрлері), кәдімгі сасық меңдуана, жабрей, дымқыл жұлдызшөп, қосүйлі қалақай, кәдімгі зиягүл, қазтабан, ақ алабұта, егістік жалбыз, бақша қалуені, бұдыр қалуен, далалық очный цвет, қара алқа, кәдімгі жұмыршақ, кәдімгі пикульник,бақша қараоты, біржылдық пролесник, құлқайыр (түрлері), жабайы шомыр, иіссіз түймедақ, дала шегіргүлі, итошаған, батпақты қайызғақшөп, гүлтәж, егістік қанат жеміс.
прометрин жүйелі талғамды гербицид болып табылады. Негізінен өсімдікке тамыр арқылы сіңеді, жапырақ арқылы аз сіңеді, жылжи отырып ішкі жүйесімен бүкіл бойына тарайды. Сезімтал арамшөп түрлерінің тыныс алу, фотосинтез процестері тежеледі, ферменттердің белсенділігі өзгереді, соның салдарынан өсімдіктің өсуі баяулайды, кейін солып, кеуіп қалады.
гербицид арамшөптерді өсу кезінде немесе өскін пайда болған соң қолданса 4 - 7 күннің ішінде жояды. Сонымен қатар ауа райының температурасы неғұрлым жоғары болса соғұрлым өсімдікке тез сіңеді. Егер өскін шыққанға дейін қолданса топырақтың ылғалдығы маңызды роль атқарады. Ауа райы салқын болса препараттың 2 - 3 см тереңдікке сіңіру ұсынылады.
препарат сезімтал арамшөптерді олардың жаңа "толқыны" шыққанға дейін бақылайды, яғни ауа райы жағдайына байланысты 10 - 12 апта.
канистрлар 10