Әсерлі заттың сипаттамасы
тебуконазол триазолдар тобына жатады.
тебуконазол триазолдар тобына жатады.
бидайдың тозаңды және қатты қара күйесі, арпаның тозаңды, тас, жалған тозаңды қара күйесі, сұлының тозаңды және жабық қара күйесі, гельминтоспориозды және фузариозды тамыр шірігі, тұқымның зеңденуі, күздік бидай мен қара бидайдың қар зеңі, сұлының қызыл күрең дағы, салалы зығырдың антракнозы
препараттың жүйелі түрде алдын алу және емдеу әсері бар. Тұқымның бетінде орналасқан және оның ішінде дамитын ауру қоздырғыш саңырауқұлақтардың дамуын әлсіретеді. Тебуконазол жасуша мемранасындағы фитопатогендер эргостериндерінің биосинтезін әлсіретеді және оның өліміне әкеп соғады. Тұқым ұрығында жылжу нәтижесінде препарат қара күйе жұқпасын жояды және кейін өсу нүктелеріне жылжып, өскінді және өсімдіктің тамыр жүйесін топырақ патогендерімен зақымданудан қорғайды.
препарат тұқымның ішкі және сыртқы жұқпаларынан толық қорғауды қамтамасыз етеді. Ол өсімдіктің бастапқы өсіп-өну кезеңінде тамыр шірігене және жапырақ жұқпаларына қарсы өте тиімді. Өсімдіктің кейінгі өсу кезеңінде дамитын масақ аурулары (тозаңды және қатты қара күйе) тұқымды дәрілеу кезінде әлсірейді.
Препараттың қорғау ғана емес сонымен қатар емдеу әсері болғандықтан аурудың симптомдары пайда болған соң да әсері өте тиімді.
канистрлар 5