KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Балерина Форте*

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

флорасулам  триазолопиримидиндер тобына жатады, 2-этилэтилгексил эфир 2,4-Д –  арилоксиалканкарбон қышқылынан, пиклорам –  пиридинкарбон қышқылынан өндіріледі.

Әсер ету спектрі

препарат қалуенге, сарықалуенге, ойраншөпке, шырмауыққа және күнбағыстың қодреніне(соның ішінде трибенурон-метил және имидазолинондарға төзімді будандар) қарсы аса тиімді. Сонымен қатар гербицид жабысқақ қызылбояу, дала тегеурінгүлі, көкнәр (түрлері), дәрілік емес түймедақ, бөденешөп (түрлері), София сармаласы, қанат жеміс (түрлері), кәдімгі қышы, рапс қодрені, шырмауық таран, күнбағытты сүттіген, дала шырмауығы, дала сарықалуені, ләйлекшөп, ақ алабұта,  қара алқа және т.б.арамшөптерді жояды.

Әсер ету механизмі

гербицидтің жүйелі белсенділігі бар, 1 сағаттың ішінде жапырақ арқылы сіңіп, арамшөптің тамырымен  бүкіл бойына тарайды, жас ұлпадағы жасушаларды бұғаттап, оның өсуіне жол бермейді. Пиклорам есебінен гербицид топыраққа әсер етіп, күнбағыстың жаңа "буынды" қодреніне әсер етеді. 

Химиялық құрамы әртүрлі әсерлі заттардың өзара үйлесімі нәтижесінде препарат арамшөптің бейімделуіне жол бермейді.

 

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

 өңделген соң арамшөптің өсуі бірнеше сағаттың ішінде тоқтайды.

Препарат әсерінің алғашқы көзге көрінетін белгілері 4 - 6 сағаттан кейін байқалады. Сезімтал өсімдіктердің жапырақтары 1 - 3 аптадан кейін ақшылданады, өсуі тоқтайды, кейін 2 - 3 аптадан кейін өледі.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

маусымның барлық кезінде

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.