Әсер ету механизмі
препарат ажыратылатын бөліктегі жасушалардың құрылуына ықпал етеді. Соның нәтижесінде жапырақтар құрғамай жасыл кезінде түсіп қалады. Бұтада кепкен жапырақтар қалмайды, мақта жинаған кезде шитті мақта ластанбайды. Сонымен қатар Авгурон® Экстра жаңа жапырақтардың қайта өсіп шығуына кедергі жасайды. Препарат ашылмаған қауашақтардың табиғи пісіп жетілуін жеделдетеді, сондықтан мақтаның сапасы төмендемейді.