Әсерлі заттың сипаттамасы
альфа-циперметрин синтетикалық пиретроидтардың химиялық тобына жатады, жоғары деңгейде жанаспа және ішектік әсері бар, басқаша айтқанда «нокдаун-эффект» әсерін байқатады..
Имидаклоприд және клотианидин – неоникотиноидтер тобындағы заттар, өткір жанаспа және ішектік әсері бар, жүйелік белсенділігі жоғары. бірақ ерігіштігі мен жылжымалылығы бойынша айырмашылықтары бар.
Әсер ету механизмі
Борей® Нео құрамында әсер ету механизмдері әртүрлі үш әсерлі заттың тамаша комплексі бар.
Альфа-циперметрин өсімдікке сіңбейді, ол өсімдіктің бетінде және/немесе жұқа қабығында орналасады.Тез жанаспа және ішектік әсері бар, бунақденелілердің нерв жүйесіне әсер етеді, натрий каналдарын жаба отырып, жасушы мембраналарының өткізгіштігін тежейді. Ұзақ уақыт қалдығының әсері сақталады, сондай-ақ бунақденелілерді үркітетін әсері бар.
Клотианидин жылжымалылығы мен ерігіштігі имидаклопридпен салыстырғанда төмен, сондықтан өсімдіктің бетіне түскен жеріне жақсы бекіп жабысып тұрады. Үш еселенген әсері бар – жанаспа, ішектік және жүйелі. Имидаклоприд, клотианидинға қарағанда ерігіштігі жоғары, өсімдікке тез сіңеді, олардың ұлпалары арқылы жылжи отырып, бунақденелілердің өсімдікке едәуір зиян келтіруіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар әсерлі заттардың өсімдік бойына біртіндеп таралуы арқылы өсімдіктің осал бөлшектерінде - жапырақтары мен масақтарында олардың тиімді концентрациясы үнемі сақталады.
Бұл үш әсерлі зат тек тиімді боып қана қоймай, сонымен қатар оның анық байқалған синергизмдік қасиеттері бар, әртүрлі кезеңде нерв импульстарының берілуіне әсер етеді.
Қорғаныс әсерінің ұзақтығы
14 бастап 21 тәулікке дейін.
Сақтау
Қаптама
канистрлар 5
банкалар 1