KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Оплот Трио

Дәрілеуіштер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Дәнді дақылдардың тұқымын өңдеуге арналған өсімдіктің өсуін үдететін, құрамында стробилурин бар үш компонентті жүйелі дәрілеуіш.

Әсерлі заттың сипаттамасы

тебуконазол  триазолдардың химиялық тобына жатады, жоғары жылжымалылығымен ерекшеленеді, ауруды жоятын және емдік әсерлері бар. Тұқымның ішкі инфекцияларын тежейді және ерте ауа арқылы тарайтын инфекцияларды бақылайды.

Дифеноконазол да триазолдар тобына жатады, бірақ өсімдіктегі жылжымалылығы төмен, соның нәтижесінде топырақта және өсімдік қалдықтарында (соның ішінде гельминтоспориоздық, фузариоздық және альтернариоздық инфекциялар) орналасқан патогендерді бақылауға байланысты қосымша артықшылығы бар.  Жүйелі емдеу және профилактикалық әсері бар.

Азоксистробин – стробилуриндер тобына жататын әсерлі зат.. Ұзақ уақыттық қорғанысымен ерекшеленеді. Жас өсімдіктерге физиологиялық әсері бар, Нитратредуктазаның әсерін жою есебінен азоттың сіңіруін арттырады, тыныс саңылауларын реттеу арқылы, құрғақшылық жағдайында маңызды болып табылатын, тұтынатын судың көлемін азайтады,  көмір қышқылды газдің тұтынуын арттырады.

Әсер ету спектрі

бидайдың қатты және тозаңды қара күйесіне, арпаның тас жалған (қара) тозаңды қара күйесіне қарсы аса тиімді. Сондықтан Витаросты тұқымдық материалдарда қара күйе ауруларының таралуын болдырмау үшін алдымен тұқым шаруашылығындағы егістіктерді қорғау үшін пайдалану ұсынылады. Ол сонымен қатар тұқымдық материалдарды тұқымның зеңденуіне әкеліп соғатын патогендерден қорғайды, өскіндерді  тамыр шірігінің гельминтоспориоздық және фузариоздық ауру қоздырғыштарымен зақымдануына жол бермейді.

Сонымен қатар Витарос гүлдердің гельминтоспориоз, фузариоз, пенициллез, ризоктониоз сияқты ауруларын тиімді басады..

Әсер ету механизмі

дифеноконазол эргостериннің биосинтезін тежейді, бірақ суда еру қасиеті тебуконазолға қарағанда төмен. Осыған байланысты тұқымдар мен өскіндер дифеноконазолды біртіндеп сіңіреді және колеоптил инфекциясынан қорғану ұзақ уақытқа қаматамасыз етіледі. Тебуконазолдан айырмашылығы әсерлі заттар көбінесе тамыр және сабақтың тамырға таяу тұсына шоғырланып, өсімдікті ұзақ уақыт бойы тамыр шірігінің қоздырғыштарынан қорғайды. Құрамында дифеноконазолдың мол болуына байланысты  Оплот® Трио тозаңды және қортық қара күйені тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.

Тебуконазол сол сияқты фитопатоген жасушаларының мембранасындағы эргостерин биосинтезін тежейді, соның салдарынан ол жойылады. Ол тұқымның ішкі және сыртқа инфекцияларының дамуына кедергі келтіреді.

Азоксистробин ауру қоздырғыш саңырауқұлақтардың тыныс алу жүйесіне әсер етеді, митохондрийдің жұмысын бұзып, саңырауқұлақтардың спор қалыптастыруын және мицелидің өсуін тежейді.

Данная комбинация, помимо защиты от болезней, оказывает положительное действие на культуру, способна позитивно влиять на метаболизм растений, стимулировать их рост и увеличивать продуктивность. При этом препарат не обладает фитотоксичностью и не накапливается в продукции.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

Тұқымның ішкі және сыртқы, сондай-ақ топырақ инфекцияларынан толық қорғауды қамтамасыз етеді. Препараттың тамыр шірігіне және жапырақ-сабақ инфекцияларына қарсы тиімділігі  өсімдіктің өсу және дамуының бастапқы кезеңінде сақталады (көктеген сәттен бастап түтіктену кезеңіне дейін).Өсімдіктің өсу барысындағы соңғы кезеңде дамитын масақ аурулары (қара күйе) тұқымды өңдеу кезінде жойылады.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.