KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Август-Вурнар

1930

негізі қаланған жыл

30000

жылына тонна препараттар

30

жалпы аумағы гектар

700

қызметкерлердің саны

"Августың" Вурнардағы зауыты "Август" компаниясының өндірістік алаңында 1995 жылы құрылған бірінші кәсіпорын. "Август" зауытты сатып алғаннан бастап Вурнарда оның ӨҚХЗ өндіруші ретінде, сондай-аө РФ-да заманауи пестицид өндіру саласындағы тарихы басталды, Фирма зауытты толық жаңғыртып, оны жетілдірді.

Бүгінгі күнде пестицидтердің 100 астам түрі шығарылады (препараттық форманың барлық түрлерінде). Олар ірі ауылшаруашылығы өндірушілеріне, сондай-ақ ЖҚШ иелері мен саяжайларға арналған.

Препараттардың көп бөлігі - "Августың" өзінің ғылыми жұмыстарының нәтижелері. Ең заманауи аспаптармен және талдау қондырғыларымен жабдықталған зауыттың ғылыми-өндірістік орталығы ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге көмектеседі. ҒӨО қызметкерлері өндірістің барлық кезеңдерінде қоймаға жеткенге дейін өнімнің сапасына мұқият бақылау жүргізеді.

Өнім Ресейдің, Белорусияның, Қазақстанның, Молдованың және таяу шелелдердің маңызды аграрлық аймақтарына, сондай-ақ алыс шетел мемлекеттеріне: Колумбияға, Мароккоға, Алжирге, Словенияға және т.б. елдерге жеткізіледі.

"Август" компаниясының Вурнардағы кәсіпорнында экология мәселесіне баса назар аударады. Зауыттың өнеркәсіптік-санитарлық зертханасы елдегі жетекші мамандандырылған талдау зертханаларының бірі болып табылады.

"Август" компаниясы барлық деңгейдегі қызметкерлерді оқытуға, сондай-ақ зауыт қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қолдауға, Вурнар кентін көркейтуге және т.б. едәуір қаржы бөліп келеді.

"Август" компаниясының Вурнардағы зауыты тұрақты дамып келеді, оның өнімдері әлемдегі жетекші компаниялардың препараттарымен бәсекеге түсе алады.

429220, Вурнар кенті, Заводская көшесі, 1-үй

Телефон

+7 (83537) 2-56-10