KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Препараттар қоспасы

Препараттарды қосу кезегі

  1. Суда еритін пакеттердегі сулайтын ұнтақтар (СЕП СҰ)
  2. Сырттай пәрменді зат (СПЗ) (Аллюр®, Ж)
  3. Су кондиционері (Сойлент®, ВР)
  4. Суланатын ұнтақтар (СҰ), сулы-ұсатылатын түйіршіктер (СҰТ)
  5. Суспензиялық концентрат (СК), сулы-суспензиялық концентрат (ССК)
  6. Суспензиялық эмульсия (СЭ)
  7. Наноэмульсия концентраты (НЭК), микроэмульсия концентраты (МЭК), микроэмульсиялар (МЭ), эмульсиялар концентраты (ЭК), эмульсиялардың майлы концентраттары (ЭМК)
  8. Суда ерігіш түйіршіктер
  9. Сулы ерітінділер (СЕ), суда ерігіш концентраттар (СЕК), сулы-гликольді ерітінділер (СГЕ)
  10. Сырттай пәрменді заттар (СПЗ), (Адью®, Ж, Галоп®, МЭ, Полифем®, Ж)

Жалпы принціптері

Препараттар оларды қолдану регламентіне сәйкес немесе үлгі ерітінді түрінде,

Бакқа сұйық препараттарды қосқанға дейін оларды зауыт қаптамасында жақсылап араластыру қажет (канистраны бірнеше рет сілкілеу керек).

Бактағы қоспаны дайындай бастағанда бүріккіштің багы сумен толтырылуы тиіс. жартысынан аз болмауы тиіс, үштен екі бөлігін толтырған дұрысшектен тыс көбіктің пайда болуына жол бермеу үшін

Араластырғыш барлық компоненттерді қосу кезінді жұмыс істеп тұруы тиіс әрбір жаңа препаратты қосқанға дейін алдында қосылған препараттың толық еруін қамтамасыз ету керек

Егер құрамында СҰТ бар "твин-пак" қаптамасындағы препараттар жиынтығын және сұйық препараттар қолданылса, алдымен жеке СҰТ ерітіндісін әзірлеп, бакқа немесе жеке ыдысқа құйып алу керек. Кейін оларды араластыру тәртібі мен ұсыныс талаптарын сақтай отырып бакқы сұйық препараттарды жеке-жеке құяды. сақтай отырып,

Жұмысшы ерітіндінің біркелкілігін сақтау үшін бүрку кезінде араластырғыш жұмыс істеп тұруы керек.

Гербицидтердің минералдық тыңайтқыштармен немесе басқа өндіруші компаниялардың препараттарымен қоспасын әзірлеген жағдайда бұл қоспалардың қолданылған дақылдарға қатысты уыттылығы байқалса, "Август" компаниясы ол үшін жауап берсермейді. Гербицидтер мен тыңайтқыштарды жеке-жеке қолдану ұсынылады немесе компоненттерді өзара үйлесімділігіне және қолданылатын дақылдарға қатысты уыттылығына тексеру керек.

Жоғарыда сипатталған қоспаларды сырттай пәрменді заттармен (СПЗ) қолданған жағдайда СПЗ шығын нормасын азайту керек немесе әсері төмен адъювант қолдану керек, мысалы, Аллюр.

Ескерту!

  1. Біркелкі ерітінді алу үшін СҰТ формасы маңызды. Бакқа бұл препараттар қосылған соң араластырғыш келесі өнімді қосқанға дейін кем дегенде 10 минут жұмыс істеп тұруы керек.
  2. Бір топтағы және тез еритін препараттарды қолданған жағдайда оларды бакқа бір мезгілде құюға болады деген сөз емес. Мысалы: Гербитокс пен Торнадо 500 препараттарын ыдысқа бір мезгілде құйса, қойммалжың зат қалыптасады және оны еріту қиынға соғады. Себебі ол нашар еритін глифосаттың натрий тұзы түзілуімен байланысты. Мұндай жағдай араластырғыш жаман істеген кезде де орын алуы мүмкін. Ол үшін Гербитоксты жақсылап ерітіп алып, содан кейіңн ғана Торнадо 500 қосу керек.
  3. Егер сіздің нақты препараттарды араластыруға байланысты (сондай-ақ микротыңайтқыштар, адъюванттар және т.б.) тәжірибеңіз болмаса, онда препараттарды физика-химиялық жағынан үйлесімділігіне тексеру ұсынылады. Кейде препараттар физикалық жағынан үйлессе де химиялық және биологиялық жағынан үйлеспеуі мүмкін. Сондықтан осы тақырыптағы әдебиеттерді пайдалану керек, немесе осы қоспалармен жұмыс істеген адамдардан және осы бағытта жұмыс істейтін мамандардан сұрау керек. Мысалы, сульфонилмочевина фосфорорганикалық инсектицидтермен қосылған жағдайда дәқылдарға уытты болуы мүмкін, ал никосульфурон 2,4-Д жоғары нормасымен араластырылса, астық дақылды арамшөптерге қарсы тиімділігі төмен болуы мүмкін.

Бетаналдық топтағы гербицидтердің қоспасы әзірлеу

Ескерту! Бүріккішті қоспамен толтырған кезде бактың және басқа да жабдықтардың ( қоспасы бар бак және басқа да ыдыстар), сүзгіштің, форсунканың тазалығына көз жеткізу керек.

Егер бакты біркелкі жұмысшы ерітіндімен толтыру қажет болса, онда ыдысты алдыңғы жұмысшы ерітіндінің қалдықтарынан толық тазарту керек.

Жұмысшы сұйықтықты қоспаға арналған бакты пайдаланбай-ақ әзірлеу тәртібі:

  • бүріккіштің багын жоспарланған мөлшердің кем дегенде 50% сумен толтыру қажет;
  • араластырғышты іске қосыңыз;
  • бакқа алдын ала жеке ыдыста су қосылған қатты препараттарды (СҰ, СҰТ, СЕТ) толық ерігенге дейін құямыз (алдында құйылған сұйықтықтың қалдығы болмауы тиіс); судың көлемі 5 л кем болмауы тиіс, араластыру уақыты ең кемінде 5 минуттан аз емес;
  • сұйық препараттар алдын ала зауыттың қаптамасында араластырылуы тиіс;
  • суды құя отырып, бакқа алдымен ЭК, кейін СЕ, СЕК, СГЕ қосамыз;
  • қоспаны бір уақытты араластыра отырып, бүріккіштің багын қажет деңгейге дейін сумен толтырамыз;
  • жұмысшы ерітіндінің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін сұйықтықты араластыруды өңдеу кезінде де жалғастырамыз.

Қоспаға арналған бакты пайдалана отырып, жұмысшы сұйықтықты дайындау тәртібі:

  • бүріккіштің багын жоспарланған мөлшердің кем дегенде 50% сумен толтыру қажет;
  • араластырғышты іске қосыңыз;
  • қатты препараттар (СҰ, СҰТ, СЕТ) жеке ыдыста толық ерігерге дейін сумен араластырылады (оған дейін пайдаланылған сұйықтықтың қалдығы қалмауы тиіс), бұл жағдайда судың мөлшері 5 л кем болмауы тиіс, ал араластыру уақыты 5 минуттан аз болмау керек;
  • бактағы қоспалар, суға араластырылған қатты препараттар (СҰ, СҰТ, СЕТ) бүріккіштің багына жіберіледі;
  • сұйық препараттар алдын ала зауыттың қаптамасында араластырылуы тиіс;
  • ЭК түріндегі пестицидтер мүлде бос бакқа салынады (онда су мүлде болмауы тиіс) және бүріккіштің багына су жібермей тұрып, жұмысшы сұйықтықпен үнемі араластырамыз. Эмульсия концентраттарының әрбіреуі бакқа жеке-жеке беріледі;
  • қоспа салынған бактың қабырғасындағы ЭК қалдықтарын ЭК толық құйылып таусылған соң ғана сумен шаюға болады;
  • бүріккіштің багына су толтыра отырып, қоспасы бар бак арқылы суы бар жұмысшы сұйықтыққа кезекпен препараттарды СЕ, СЕК, СГЕ қосамыз;
  • артық көбік түзілуіне жол бермеу үшін ең соңында бакқа, алдын ала ыдысқа құймай-ақ жоғарғы люк арқылы адъювант қосады
  • қоспаны бір уақытты араластыра отырып, бүріккіштің багын қажет деңгейге дейін сумен толтырамыз;
  • жұмысшы ерітіндінің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін сұйықтықты араластыруды өңдеу кезінде де жалғастырамыз.

Бактағы қоспаларды әзірлеу жұмыстарын жеңілдету үшін "Август" компаниясы "твин-пак" препараттар жиынтығын шығаруда. Олардың тізбесі мен сипаттамаларын мына жерден қарауға болады

Бактағы қоспаларды әзірлеу әдістемесін РDF форматынан көшіріп алу керек