Препараттарды құрғақ және тиісті формада сақтауға арналған ыдысты полиэтиленнен дайындайды.
Сұйық формадағы препараттарға арнап ішкі бүлінбейтін қабаты бар төрт қабатты канистралар мен флакондар шығарылған, Онымен тасымалдау және сақтау мерзімі аяқталғанғаға дейін сақтау қауіпсіз болып табылады. Бұл ыдыстарға техникалық сұйықтықтар, соның ішінде қауіпті және улы сұйықтар құйылады және олар тез бүлінуіне, сыртқа жайылып кетуіне байланысты полиэтиленнен жасалған ыдыстарға құйылуы мүмкін емес. "Август" компаниясындағы ыдыстардың ішкі қабаты аса қауіпті сұйықтықтарды ұстап тұру үшін полиамидтік қабатпен қапталған. Ал полиамидтік қабат химиялық жағынан әртүрлі еріткіштерге қарсы төзімді болып табылады және көмір сутектеріне, хлоридті көміртектерге, күрделі эфирлерге және басқа да көптеген заттарға қарсы өткізбейтін тосқауыл болып табылады.
Препараттарға арналған көп қабатты ыдыстарды заманауи үрлейтін қондырғылар арқылы экструзиондық-үрме қалыптар арқылы дайындайды. Тосқауыл қабаты бар полимерлік ыдыстардың сапасы мен сенімділігі "Август" пестицидтерінің қаптамаларын пайдаланудағы көп жылдық тәжірибесі дәлел бола алады.
Төменде "Август" филиалы "Вурнар препараттар қоспасы зауытында өндірілетін полимерлік ыдыстардың сипаттамалары келтірілген.
Мойны бұрандалы төрт қабатты ыдыстар бірнеше полимерлерді қосып, үрлеу арқылы әзірленген. Материалдардың қабаттары мына тәртіппен орналастырылған:
Тосқауыл қабаты жоқ ыдыс келесі қабаттардан тұрады:
Өнім сертификатталған, ТУ 2297-135-18015953-2012, изв. 1, 2, 3 және 4 сәйкес сериямен шығарылады.
"Август" препараттарының түпнұсқасы екеніне күдіктенсеңіз бірден өзіңіздің аймақтағы компания өкілдігіне хабарлауыңызды өтінеміз.
2019 жылдан бастап "Август" өз өнімдерін сериялық кодтармен автоматты түрде маркалау жүйесін енгізді. Қазір ол Вурнар зауытында жұмыс істеп тұр, 2020 жылдың маусымы басталғанға дейін компанияның барлық өндіріс алаңдарында жүзеге асатын болады.
Жүйені енгізу мақсаты:
Сонымен қатар "Август" компаниясының контрагенттерімен электрондық құжат айналымы болған жағдайда оның әріптестерінде белгіленген маркировкаларды өздерінің ішкі есептерінде пайдалану мүмкіндіктері болады, яғни бұл Жүйе шаруашылықтарда ӨҚХЗ айналымын бақылау және есепке алуды ұйымдастыруға, препараттарды қолдануға және сату мен қолдану құрылымдарындағы ұрлыққа қарсы күресуге байланысты жұмыстарды бақылауға арналған құрал болып табылады.
Тұтынатын өнімнің қаптамасына ерекше екі түрлі код салынады, жоғарғы логистикалық кодтар қаптама мен паллеттерге салынған кодтармен сәйкестендірілген. Барлық жазылған кодтар арнайы электрондық базаға енгізілген, ол өз кезегінде әкелген пакеттің ішіндегі заттар туралы оны ашпай-ақ толық ақпарат береді.
Зауытта салынған барлық кодтар оның оқылуына және мазмұнына қатысты өндірістік желідегі сканердің көмегімен тексеруден өтеді.
Дайын өнімнің қаптамасына салынған сериялық кодтар "Август" компаниясы әзірлеген мобильдік қосымшаның көмегімен де оқылады және ол қосымшалар қазіргі кезде соңғы тестіден өткізілуде.
"Август" компаниясы препараттарының қаптамасындағы сипаттамаларды РDF форматынан көшіріп алыңыз.