KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Жүгерінің көпіршікті қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер сыныбы, Телиомицеттер ішкі сыныбы, Головневые қатарындағы.жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Жүгеріні зақымдайды

Таралуы

Ресей Федерациясының жүгері өсіретін барлық аудандарында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру жүгеріні толық вегетация кезеңінде т зақымдайды. Үлкендігі әртүрлі болып келетін ақ түсті көпіршіктер түзуімен ерекшеленеді. Өркендері мен буындарында диаметрі 15 см және одан да көп болатын  шар мен түйнек формасында көпіршіктер пайда болады.Жапырақтардағы көпіршіктер жапырақ талшықтарының бойымен орналасады және формасы ұзынша болып келеді. Собықтарда жекелеген бөліктері зақымданып, оның өсуі кешігеді немесе тоқтайды. Олар дұрыс емес формада жайылып өсуі мүмкін. Шашақтарында жеке гүлдер зақымданып,  кейін көпіршік түзіп жайылады.

Биология

Өсімдіктің барлық органдарында зақымдалған жерлерде  боз немесе жасыл-сары түсті кішкентай томпақ пайда болады. Кейін  телиоспор жетілген кезде желвак қараяды, үстін ақ-сұр күміс түстес пленка жабады. Кейін желвак құрғайды,  жауып тұрған пленка жарылып,  ішінен босап шыққан телиоспорлар шашылып,  өсімдікті екінші рет зақымдайды. Телиоспордың бір бөлігі зақымданған дәннің собығында және астықты жинағаннан кейін егіс даласында қалған қалдықтарда сақталады. Телиоспорлар пісіп жетілген соң қайтадан өсіп шығуға қабілетті және құрғақ күйінде  5 жылдан артық уақыт сақталуы мүмкін. Табиғи ылғалдылық жағдайында олар өсу қабілетінен айырылады, алайда егістікте жарылмаған тас күйінде сақталып,  өскіндер үшін бірінші инфекция көзі болып табылады. Сонымен қатар телиоспорлар егістікке тұқымдық материалдармен келуі мүмкін. Телиоспорлар өсе келе  базидиспорлары бар базидилар түзеді және олар бүршіктену арқылы көбейеді. Споридилер өсіп, тек жас мерисистемалық ұлпаларға сіңеді. Ауру салдарынан  жүгерінің жасыл массасының өнімділігі  25…50 %, дәні –  50 % төмендейді.
Инфекция көзі – зақымдалған собықтар, өсімдік қалдықтары, топырақ болып табылады..

Күресу әдістері

Өндіріске төзімді сорттарды енгізу, ғылыми негізделген тұқым өсіру жұмыстарын жүргізу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау. Тұқым өсіретін учаскелерді  шаруашылықтағы егістіктен оқшаулап ұстау, ауылшаруашылық машиналар мен құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру.