KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қойбұршақ аскохитозы

Аурулар
Классификация

Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, қойбұршақ, егістік бұршақ, жоңышқа және т.б.

Таралуы

Ауру бұршақ өсіретін барлық аймақтарда кездеседі. Көп зиян келтіретін жерлер: Қаратопырақты аймақ, оңтүстік облыстар, Поволжье, солтүстік-батыс аймақтар және Сібір.

Аурудың симптомдары

Бұршақ аскохитозының екі түрі бар: боз дақты және қара дақты. Боз дақты аскохитоздың қоздырғышы – A. pisi саңырауқұлағы бұршақбас пен тұқымдарды жиі, сабақ пен жапырақтарды сирек зақымдайды. Бұршақбаста, сабақта және жапырақта дөңгелек немесе ұзынша келген, ортасы ақшыл, жиегі қара-күрең болып келетін ойық дақтар пайда болады. A. pinodes, қара дақты аскохитоз қоздырғышы, өсімдіктің барлық органдарын зақымдайды. Саңырауқұлақтың әсерінен жапырақта үлкендігі әртүрлі, дұрыс емес формалы  қара-күрең томпақ дақтар пайда болады. Дақтардың шеттері біртіндеп қарайған, ортасы үнемі қара болып келеді. Сабақта ұсақ нүктеге ұқсас немесе ұзынша келген ойық жара пайда болады. Бұршақбастаға дақтар қара-күрең, томпақ болады. Тамыр мойны зақымданғанда олар күреңденіп, шіриді. Екі түрдің екеуінде де дақтың орталарында көптеген пикнидтер түзіледі.

Биология

Вегетация кезінде патогендер конидиялар арқылы тарайды, зақымданған өсімдік қалдықтарында конидиялармен және псевдотециялармен қыстайды. Бұршақ аскохитозының зияндылығы - тұқымның өсіп шығуы нашарлайды, өскіндер өледі, дақылдың өнімділігі азаяды, жасыл асбұршақтың дәмдік сапасы нашарлайды..
Инфекция көздері – өсімдік қалдықтары, тұқымдар.
Өсімдікті ауа температурасы  4 °С жоғары және ылғалдылығы 90 % жоғары болғанда зақымдайды. Аскохитозбен қатты зақымдану жағдайы қатты жауын-шашын және температура  20…25 °С. болғанда орын алады.

Күресу әдістері

Тұқымды оңтайлы мерзімде себу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау, бұршақты зақымданбайтын дақылдармен бірге орналастыру, мысалы,астық тұқымдастармен, тұқымдық дақылдарды дер кезінде жинау, өсімдік қалдықтары бар жерлерді күзден бастап терең жырту, төзімді сорттарды өсіру.