KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Картоптың күміс түстес таз қотыры

Аурулар
Қоздырғыш

Саңырауқұлақ Helminthosporium solani.

Аурудың симптомдары

Аурудың симптомдарын күзде өнімді жинау және қоймаға салған кезде түйнектерден байқауға болады. Бұл жақсы байқалмайтын, ашық-қоңыр түсті, көлемі мен формалары әртүрлі дақтар. Сақтау мерзімі аяқталған кезде түйнектерді зақымдау жаппай даму сипатында болады:  зақымданған ұлпалар анық байқалатын металдық немесе күміс түске боялады. Дақтың бетінде саңырауқұлақтар  конидиялық спорлар және ұсақ нүктеге ұқсас қара склероциялар түзеді. Қатты зақымданған картоптың қабығы жиырылады, оның өткізу қабілеті артады, соның салдарынан картоп ылғал жоғалтады.

Биология

Саңырауқұлақ тек қана түйнектерді зақымдайды бірақ түйнектердің саңырауқұлақпен зақымдану мөлшері мен алынған өнімнің зақымдануы арасында ешқендей байланыс жоқ. Қарама қарсы аз зақымданған түйнектерді отырғызу алынған жаңа өнімдегі түйнектердің қатты зақымдануына ықпал етеді. Қатты зақымданған түйнектердегі  мицелийлер әлсіреген,  және онда пайда болған споралардың белсенділігі төмен,  жоғары деңгейдегі жұқпалылығымен ерекшеленбейді. Кейда қоймаға салу кезінде бұл аурудан таза өнімдер тұқымдық материалды егіс басына әкелген кезде олардың 100% зақынданғаны анықталады.

Күресу әдістері

Агротехникалық. Ауыспалы егіс (астық дақылдылар мен бұршақ дақылдылардың кезек егу) сау тұқымдық материалдарды пайдалану, дер кезінде десикация өткізу және жинау(десикациядан кейін 14 күннен кешіктірмей).
Химиялық. Картопты қоймаға сақтар алдында өңдеу, түйнектерді отырғызар алдында өңдеу.