KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қытайбұршақ аскохитозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қытайбұршақты зақымдайды.

Таралуы

Қытайбұршақ өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Тұқым жарнақтарында қара-күрең дақтар мен жаралар пайда болады, айналасы қаралау шеңберге ұқсас. Жапырақтарда мейлінше үлкен (0,5…1 см) дөңгелек, сұр-ақшыл, шеттері күрең сызықшалы дақтар болады. Кейде өсе келе олардың формалары ұзынша болып өзгереді, жапырақтың ірі талшықтарымен шектеледі. Кейде зақымданған учаскелер түсіп қалады да тек күрең шеттері ғана қалады. Жапырақтың үстіңгі бетіндегі дақтарда нүкте тәріздес, жапырақтың ұлпасына сіңген пикнидтер пайда болады. Жас сабақтардың бетіндегі ұлпалар бүлінеді. Қатайған сабақтарда қара, ұзынша дақтар, кейін пикнидтер пайда болады, олар сабақтың бұтаққа бекіген жерлерінле өте көп болады. Бұршақбастың қабығы ақшыл, нәзік болады, ондағы пикнидтер жақсы байқалады. Ондағы тұқымдар негізінен дамымайды, егер түзілсе дамымаған, жарамсыз  болады.

Биология

Ауру қытайбұршақты өскін шыққаннан бастап піскенге дейін зақымдайды. Саңырауқұлақ тұқымда мицелий түрінде және өсімдік қалдықтарында мицелий және пикноспоралы пикнид түрінде сақталады. Пикноспоралар арқылы тарайды. Ауру тұқымның өсуін баяулатады, өскіндер мен өсімдіктер құлап қалады, астық өнімі  (15…20 % дейін) азаяды және оның сапасы төмендейді.
Инфекция көздері – тұқым, өсімдік қалдықтары.
Қытайбұршақ өсімдігінің кейбір факторлардың әсерінен әлсіреуі,  оны бір танапқа қайта-қайта егу, сулы және ауыр топырақта, топырақта қыртыс қалыптасқанда, топырақта ылғал артық немесе жетіспесе, тұқым топыраққа терең себілсе, топырақ температурасы төмендесе, топырақтың жоғарғы қабаты құрғап қалса, бұл жағдайлардың барлығы ауруды күшейтеді.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тыңайтқыштар шашу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, өсімдік қалдықтарын жинау, төзімді сорттарды пайдалану.