KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Картоп ризоктониозы немесе қара таз қотыры

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Базидиомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады..

Дақылдар

Көптеген дақылдарды зақымдайды.

Таралуы

Картоп өсіретін негізгі аудандардың барлығында тараған, ең көп зиян келтіретін жерлер РФ Солтүстік Батыс, Орталық, Волго-Вятск, Урал аймақтары, Батыс Сібір және Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс.

Аурудың симптомдары

Ауру дамыған өсімдіктің түйнектерін, сабақтарын, тамыр сабақтары мен тамырларын зақымдайды. Түйнектерде үлкендігі әртүрлі, түйнекке жапысып қалған топыраққа ұқсас қара склероцийлер, өркендері мен тамырларында диаметрі 1 см дейін және одан үлкен жара мен күрең түсті дақтар пайда болады. Зақымданған учаске өледі. Ауа райы ылғалды және жылы болғанда сабақтарында  ақ түсті киізге ұқсас өңез пайда болады.

Биология

Саңырауқұлақ түйнекте, топырақта және өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақ жіпшелерін қалыптастыратын склероций түрінде қыстайды.  Ол өсіп келе жатқан өскінге сіңіп, оның шіруіне және өлуіне ықпал етеді. Аурудың зияндылығы аурудың барлық даму формаларында байқалады: түйнектерді сақтау кезінде өскіндерді зақымдайды және вегетациялық кезеңде сабақтың жер астындағы және жер бетіндегі бөліктерін зақымдайды. 
Инфекция көздері – топырақ, түйнектер, өсімдік қалдықтары.
Қоздырғыш жоғары ылғалдылық жағдайында және температура  9 - 27 °C (оптимум 15…21 °C) болғанда дамиды.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды тиімді ара қатынаста шашу, оңтайлы мерзімде және дұрыс тереңдікке отырғызу, дұрыс және дер кезінде күту және жинау, отырғызу үшін сау тұқымдық материалдарды пайдалану.