KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қортық қаракүйе

Аурулар
Классификация

 Базидиомицеттер тобы, Телиомицеттер кіші тобы, Қаракүйе қатарындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады..

Дақылдар

Күздік бидайды жиі зақымдайды..

Таралуы

Солтүстік Кавказда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Қортық қаракүйемен зақымданған өсімдіктер қатты жиналып түптенеді, кейде 50 астам сабақ пайда болады. Сабақтары сау сабақтармен салыстырғанда 1,5 - 4 есеге дейін қысқа болады, сондықтан олардың бір бөлігі шабылмай қалады, сондықтан олар инфекция көзі болып табылады. Олардың масақтары да біршама қысқа болады, тығыз орналасқандары жоғары орналасқан жапырақтардан асып кете алмайды.

Биология

Саңырауқұлақтың телиоспорлары қаракүйе қапшықтарында түзіледі. Топырақта олардың өмір сүру қабелеттері  2…9 жылға дейін сақталады. Олар едәуір төменгі температурада (шамамен 5 оС),  25…60 күннің ішінде өсіп шығады. Негізінен бидайды олардың өскіндері өсіп шыққан кезде зақымдайды және зақымдау өсімдіктің түтіктену фазасына дейін жалғасуы мүмкін. 
Инфекция көздері – зақымданған тұқым, топырақ, астық тұқымдас арамшөптер.
Сәл қышқылды, нейтралды және сәл сілітілі топырақ. Тұқымның таяз сіңірілуі.

Күресу әдістері

Өндіріске төзімді сорттарды енгізу, ғылыми негізделген тұқым шаруашылығын жүргізу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау. Тұқым өсіретін уческелер кеңістігін шаруашылық егістерден оқшаулап ұстау талабын сақтау (кем дегенде 0,5 км), ауылшаруашылық машиналар мен құралдарды зарарсыздандыру, төзімді сорттарды өсіру..