KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Арпаның қара (жалған) тозаңды қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобы, Телиомицеттер кіші тобы, Қаракүйе тұқымдастары қатарындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Арпаны зақымдайды

Таралуы

Арпаның қара (жалған тозаңды)  қаракүйесі  Поволжьеде, Украинада, Молдавияда, Қазақстанның Шығыс және Солтүстік аудандарында тараған. Ауру басқа аймақтарда да кездесуі мүмкін.

Аурудың симптомдары

Арпаның қаракүйесі (жалғын тозаңды) мен арпаның тозаңды қаракүйесі ауруларының симптомдары іс жүзінде бір-біріне өте ұқсас. Аурудың нақты белгілері масақтану фазасымен сәйкес келеді. Ауру өсімдіктердің бойлары биік және сауларға қарағанда ерте масақтанады. Зақымданған өсімдік масақтарының түрлері өзгереді, олардың барлық гүлдеген беттері мембранамен жабылады, оның ішінде  сорустар (жойылған өсімдік ұлпаларының орнына жиналған споралар жиынтығы) көрінеді. Жалған тозаңды қаракүйенің хламидоспоралары тозаңды қаракүйемен салыстырғанда қою қара түсті және тығыз болып келеді. Споралар дамып жетілген кезде көлемі ұлғайып, мембрананы жарып шағады да желмен жан-жаққа шашырайды, өсімдіктің сабақтары мен  біраз учаскелері ғана зақымданбай қалуы мүмкін. Көзбен көргенде зақымданған тұқымның сау тұқымнан ешбір айырмашылығы жоқ. 

Биология

Хламидоспоралар желмен тарайды, сау өсімдіктердің тұқымдарымен жанасады және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдай туындағанша тұқымның бетінде сақталады. Олардың өмір сүру қабілеттері бірнеше жыл бойы сақталуы мүмкін. Споралар топыраққа түскен соң тұқыммен бір уақытта өседі және өскіндерді зақымдайды. Телиоспоралар өсу кезінде бүршіктену арқылы көбейетін, базидиоспоралары бар  базиди түзеді. Копулыциядан кейін дикариотикалық мицелий түзіледі. Мицелий колеоптиль арқылы өсімдіктің өсу нүктелеріне өтеді, жасуша аралық кеңістікте диффузиялық жолмен таралып, қалыптасып келе жатқан масаққа жетеді. Мұнда ол дән қоңызының орнын толық басатын хламидоспоралар түзеді. Аурудың дамуына қолайлы жағдай: салқын ауа райы, ауаның жоғары ылғалдылығы,  тұқымның терең себілуі, тұқымдық материалдардың төменгі сапасы. Бұл тұқымның өсуін баяулататын жағдайлар болып табылады.

Күресу әдістері

Агротехникалық:

- отырғызу үшін сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану;

- тұқымды оңтайлы тереңдікке сіңіру;

- себі мерзімін сақтау.

Химиялық:

Тұқымды дәрілеу.