KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Зығыр тұқым жарнақтарының шұбарлануы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Зығырды зақымдайды

Таралуы

Зығыр өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру тұқым көктей бастағанда және өскін өсіп шыққанда білінеді. Ауру тұқым жарнақтарында, тұқым жарнақтарының астыңғы бөлігінде және тамыршасында қызыл кірпіш түстес ұсақ нүктелі дақтар мен штрихтер пайда болуымен ерекшеленеді. Аурумен қатты зақымданған жағдайда кішкентай дақтар қосылып, тұтас үлкен даққа айналады, тұқым жарнақтары мөлдір түске айналады және шіриді. Зақымданған жердің айналасында ақбоз түсті өрмекшінің өрмегі тәріздес өңез пайда болады және өскіндер жер бетіне өсіп шыққанға дейін өледі. Егер өскіндердің зақымдануы төменгі деңгейде болса,  олар ішінара жазылып кетеді. 

Биология

Тұқым ылғалды ауа райы жағдайында өнімді жинау кезінде зақымданады, тұқымның ылғалдылығы жоғары болса, саңырауқұлақ соғұрлым жылдам дамиды.
Инфекции көзі – тұқым.
Ауруға қолайлы жағдай - ылғалды ауа райы.

Күресу әдістері

Сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану.