KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Зығыр антракнозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Acervulales қатарындағы жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады..

Дақылдар

Зығырды зақымдайды

Таралуы

Зығыр өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру вегециялық фазаның барлық кезеңдерінде зығырдың өскіндерін, жапырақтарын, қауашақтары мен тұқымдарын зақымдайды. Тұқым жарнақтарында кішкентай, бастапқыда күрең немесе мөлдір түсті дақтар пайда болады, олар біртіндеп үлкейеді және  құрғайды. Тұқым жарнағының астыңғы жағында және тамырдың жоғарғы бөлігінде  жарықшақ және  ашық-қызғылт түсті ойық дақтар пайда болады. Кейін өсімдік жапырылады және өледі. Нағыз жапырақтардағы дақтар алдымен сары болып, кейін күреңденеді. Өсіп жетілген өсімдіктерде аурудың әсерінен жапырақтар уақытынан бұрын күреңденеді және жапырақтың ұштары мен шеттері өледі. Тамыр мойнында қызыл-сары жарықшақ немесе сабақтарының төменгі жағында  ұсақ ақ дақтар пайда болады, біртіндеп сабақ тұтас күреңденеді. Өсіп жетілген өсімдіктер өлмейді. Ауру сабақтардан қауашақтар мен дәндерге көшеді. Қауашақтар күреңденеді, тұқымдары боз, нәзік, өсіп шығу қабілеті төмен болып келеді. Ауа райы ылғалды болса өсімдіктің зақымданған  бөліктерінде қызғылт томапақ пайда болады, онда конидиялары бар конидия ұяшықтары болады.

Биология

Саңырауқұлақ хламидоспор және мицелий түрінде сақталады, жел, жауын және бунақденелілер арқылы конидийдің көмегімен тарайды.Тұқымда саңырауқұлақ 8 жылға дейін сақталады..
Инфекция көздері – тұқым, топырақ.
Аурудың дамуына қолайлы жағдай - ылғалды және жылы ауа райы.

Күресу әдістері

Сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, тыңайтқыштар себу, ауыспалы егіс.