KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қызылша фомозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Бірінші жылдағы қызылшаны және тұқымдық дақылдарды зақымдайды.

Таралуы

Қызылша егетін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Аурудың үш түрі бар. Ең зияндысы – өскіндердің тамыр жегісі, соның салдары шоқа шірігіне ұласады. Өсіп жетілген қызылшада аймақтық дақ түрінде байқалады. Саңырауқұлақ әлсіреген және ескі жапырақтарды, сабақтарды зақымдай отырып, онда ірі ақшыл-күрең дақ түзеді, олардың жақсы көрінетін аймақтары мен пикнидтері бар,  тұқымдық дақылда дақтар түзілмеді. Тамыр жемістерінде, әсіресе топырақта бор жеткіліксіз болса, фомоз құрғақ шірік түрінде байқалады. Оның үстінде саңырауқұлақ жіпшесі түзілмейді, бірақ ол көлденең кесіндісі қара-күрең түсті болып келетін  қызылшаның шіріген ұлпаларының ішінде дамиды. Зақымданған ұлпа шіриді, оның бетінде  пикнидтер түзіледі.

Биология

Фомозды шірік егістікте тамыр жемістілердің вегетациясы кезінде дами бастайды. Ауруды вегетация кезінде пикноспоралар таратады. 
Инфекция көздері – өсімдік қалдықтары, тұқым. 
Патогендердің дамуы үшін қолайлы жағдай – қышқылды топырақ, жаздың соңында құрғақ және ыстық ауа райы. 

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тыңайтқыштар шашу, қышқылды топырақтарды әктеу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, тұқымдық материалдарды өндірістік мақсаттағы егу материалдарынан оқшаулау.