KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Рапс фомозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Рапсты, қышаны зақымдайды.

Таралуы

Климаты жылы және ылғалды болып келетін барлық аймақтарда кездеседі. 

Аурудың симптомдары

Вегетацияның барлық кезеңдерінде байқалады. Өскіндерде және сабақтың төменгі бөлігінде қара дақтар пайда болып, кейін сұр түске өзгереді. Содан кейін дақтарды қара нүктелер - саңырауқұлақ пикнидтері басады. Сабақтары әлсіреп құрғайды, ол өсімдіктің өліміне әкеледі.  Егер  кешірек зақымданса,  өсімдік тірі қалады, бірақ оның бойы өспей қалады, хлорлы түске боялады. Жапырақтары мен бұршаққындағы дақтар құрғақ, сұр түсті болады, бетін пикнидтер басады. Мұндай бұршаққындағы тұқымдар әлсіз, боз және ауру болады. 

Биология

Жас өсімдіктер бірінші рет  аскоспоралармен немесе мицелиймен зақымданады. Өсімдікте дами келе саңырауқұлақтар пикнидтер түзеді. Олардың инкубациялық кезеңдері 25 °С – 5…6 күн, және одан салқын кезде (9…10 °С) – 23 күн. Өсімдікті екінші рет зақымдауды және  ауруды таратуды пикноспоралар жүзеге асырады. Механикалық зақымдар және зиянкестердің әсерінен болған зақымдар инфекцияның өсімдікке сіңуін жеңілдетеді

Инфекция көздері – өсімдік қалдықтары,  мицелий және псевдотеций формасындағы саңырауқұлақтар бар тұқымдар ( 2…3 жыл сақталады).
Патогендердің дамуына қолайлы жағадай – жылы ауа райы 22…25 °С,  ылғалдылық 60 % астам.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, арамшөптер мен зиянкестерге қарсы күрес, тыңайтқыштар шашу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалагу, егістіктегі өсімдік қалдықтарын жинау, жерді жырту.