KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Күнбағыс фомозы

Аурулар
Классификация

Аскомицеттер тобындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Күнбағысты зақымдайды.

Таралуы

Күнбағыс өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру өсімдіктің барлық бөлшектерін зақымдайды, бірақ өсімдіктің сабағында қара ұзынша немесе айнала қоршалған некроз түрінде анық байқалады. Сондай-ақ ол сабақтың тамырға жақын бөлігінде байқалуы мүмкін. Жапырақ бетінде  қара-күрең, шеттері сары болып келетін некроз түрінде байқалады. Одан кейін олар жапырақтың сағағы арқылы сабаққа және кейін қарай себетгүлдің екінші жағына өтеді, соның салдарынан күнбаыстың тұқымдары зақымданады. Сабақтары қатты зақымданса, патоген оның өзегіне дейін жетеді. Бұл жағдайда зақымданған ұлпалар жарықшақтанып жарылады.

Биология

Ауру  3…4 нағыз жапырақ фазасында байқалады. Күнбағыс фомозының немесе қара дағының қоздырғышы өзінің өмірлік циклінде  телеоморфтық (Leptosphaeria lindquistii) және анаморфтық (Phoma macdonaldi) даму сатыларын түзеді. Саңырауқұлақ мицелийі көп клеткалы, ақшыл түстен бастап қара-сұр түске дайін,  альфа-споралар шар пішінді пикнидтерде түзіледі. Перитецийлер үсті созылған шарға ұқсас, қындары цилиндрге ұқсас созыңқы, аскоспоралар цилиндрге ұқсас көлденең қалқасы бар. Пикнидтер мен перитецийлер көбінесе сабақ ұлпаларының бетінде немесе оның эпидермисінің астында  түзіледі. Зақымданған өсімдіктер солады және құрғап қалады. Аурудан күнбағыстың өнімі және оның сапасы  25 % дейін төмендеуі мүмкін.
Инфекция көзі – тұқым, өсімдік қалдықтары.
Патогендердің дамуына қолайлы жағдай – ауаның температурасы  20…25 °С шегінде және топырақтың ылғалдылығы 60 %.  Бұл күнбағыстың патогендермен жаппай зақымдануына қолайлы жағдай болып табылады.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, ауруға қарсы неғұрлым төзімді сорттар мен будандарды пайдалану.