KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Сәбіз фомозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Сәбізді, балдыркөкті, ақжелкенді, аскөкті, ботташықты зақымдайды.

Таралуы

Қиыр Шығыста және Краснодар өлкесінде кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру негізінен тұқым өсіруге арналған өсімдіктер үшін және тамыр-жемістілерді сақтау кезінде қауіпті.  Сәбіз өсімдіктері бірінші жылда  фомозбен сирек зақымданады. Тұқымдық өсімдіктердің сабақтарында және шатыршагүлінде  күрең, кейін көптеген қара нүктелері бар сұрланған дақтар пайда болады. Мицелий формасындағы саңырауқұлақтар тұқымдарда болуы мүмкін, кейін олар өсу қабілетінен айырылып, шығып келе жатқан өскіндер өліп қалады. Зақымданғанда тамыр жемісінде аздап жаншылған сұр-күрең дақ пайда болады. Оның астындағы ұлпа құрғақ, шірік және күрең-қоңыр түсті болады. Зақымданған ұлпаларда қуыс пайда болуы мүмкін.

Биология

Қоздыырғыш тұқымда мицелий түрінде және зақымданған өсімдік қалдықтарында пикноспоралы пикнид түрінде сақталады.
Инфекция көзі – тұқым, өсімдік қалдықтары.
Сәбіз ылғалды жылдарда, орташа температурада және құмдауыт топырақта қатты зақымдануы мүмкін.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, отырғызу үшін тұқымға арналған материалдарды сау тамыр-жемістен іріктеп алу,  арамшөптерді жою, калий-фосфорлы тыңайтқыштардың жоғары дозасын  күзгі қазу кезінде шашу.