KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Гельминтоспориозды тамыр шірігі

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Дейтеромицеттер тобына жатады.

Дақылдар

Барлық дәнді дақылдарды зақымдайды, бірақ бидай мен арпаны жиі зақымдайды..

Таралуы

Астық дақылдыларды өсіретін барлық аудандарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Өскіндерде сабақтың негізі және бірінші жапырақтың қынабы күреңденеді. Өскіндер жиі өледі. Өсіп жетілген өсімдіктердің сабақтары зақымданады, олардың бойлары өспей кешігеді, масақтанбайды. Жапырақта қара, кейін бурыл немесе ақшыл-буырыл түске өзгеретін, шет жақтары қара дақтар пайда болады, Уақыт өте келе дақтар зәйтүн-бурыл немесе қара-сұр өңезбен жабылады. Масақтың қауыздары жиі  күреңденеді. Дәндері нәзік болады. Ұрықтың қарайғаны байқалады ("қара ұрық").

Биология

Өсімдіктің вегетациялық кезеңінде саңырауқұлақтар конидия арқылы тарайды. Саңырауқұлақ  температура 15 оС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95…98 % болғанда дамиды. Патогендер  саңырауқұлақ жіпшелері және конидийлер түрінде түсіп қалған дәнде және аңызда қыстап,  39 ° С аязға қарсы төзе алады. Топырақта саңырауқұлақ бір жылдай сақталады.
Инфекция көзі – зақымданған дән, өсімдік қалдықтары, топырақ.
Дамуы үшін қолайлы жағдай: температура – 22…26 °С, әлсіреген өсімдіктер, дәнді дақылдармен ғана өткізілген ауыспалы егіс, агротехникалық талаптардың бұзылуы.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тұқым өсіретін учаскелерді дер кезінде жинау, құрғату,  ауа-жылу және күнмен тұқымды жылыту, оңтайлы мерзімде себу (жаздық дақылдарды –ерте оңтайлы мерзімде, күздік дақылдарды – кеш оңтайлы мерзімде), тыңайтқыштар шашу, төзімді сорттар өсіру.