KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Бидайдың қатты қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобы,  Телиомицеттер кіші тобы,Ққаракүйелер қатарындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Жаздық және күздік бидайды зақымдайды.

Таралуы

Ресей Федерациясының бидай өсіретін барлық аудандарында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Аурудың анық байқалатын симптомдары дәннің сүттеніп пісу фазасының басында ғана көрінеді. Зақымданған масақтар бүрісіп қалады, масақтағы қабыршақтары жан-жағына шалқақтап тұрады. Масақты қысқан кезде "сүттің" орнына селедка рассолының иісі бар сұр сұйықтық бөлінеді. Ауру масақта дәннің орнына көптеген телиоспоралардан тұратын  қара сорустар түзіледі. Зақымданған масақ салмағы жеңіл болғандықтан иілмейді.

Биология

Өнімді жинау кезінде телиоспоралар сау тұқымдарға түседі, тұқымның айдарына сіңеді және оның атыздарында тұрып қалады. Себу кезінде телиоспоралар тұқыммен бірге  топыраққа түседі, одан кейін өсіп шығып, базидиоспоралары бар базидийлер түзеді, олар копуляциядан кейін инфекциялық гифтер қалыптастырады, сол арқылы бидайдың өскіндеріне сіңеді. Саңырауқұлақ жіпшелері өсімдіктің бойына диффузиялық жолмен тарайды, жапыраққа, сабаққа және масаққа дейін жетеді.  Зақымданған өсімдіктердің бастапқыда сау өсімдіктерден сырттай айырмашылығы болмайды. 
Инфекция көзі  – тұқымдағы, сондай-ақ топырақта қалған телиоспоралар (күздік бидайды себу кезінде бидайдағылары қауіпті), тарадағы, ауылшаруашылық машиналардағы және құрал-саймандағы телиоспоралар. 
Патогендер үшін қолайлы жағдай – топырақтың ылғалдылығы – 40…60 %, температура – 5…10 °С. Күздік бидайды кеш себу және жаздық бидайды ерте себу тұқымды тым тереңге себу.

Күресу әдістері

Өндіріске төзімді сорттарды енгізу, ғылыми негізделген тұқым шаруашылығын жүргізу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау. Тұқым өсіретін учаскелер кеңістігін шаруашылық мақсаттағы егістіктерден оқшаулау (кем дегенде 0,5 км), ауылшаруашылық машиналар мен құралдарды зарарсыздандыру, төзімді сорттарды өсіру.