KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Сұлының қатты (жабық) қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобы, Телиомицеттер кіші тобы, Қаракүйелер қатарындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Сұлыны зақымдайды.

Таралуы

Ресей Федерациясының сұлы өсіретін барлық аудандарында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Симптомдары спора шашу кезінде байқалады. Шашақгүлдер споралық массаға айналады. Тек қана телиоспораларды жауып тұрған күміс түсті сыртқы жұқа пленкалар ғана зақымданбай қалады. Гүл шоғының бұтақшалары дамымайды, шашақгүл кішкентай болып көрінеді.

Биология

Өнімді жинау кезінде телиоспоралардың негізгі массасы шашырайды, гүл қауашақтарына немесе гүлге түскен соң олар өседі және саңырауқұлақ жіпшелерін түзеді, өз кезегінде олар гемдер түзеді. Осы күйінде қоздырғыштар көктемгі егіске дейін сақталады. Өсімдіктер тұқымнан өскіндер шыққан кезде  гемдермен, сондай-ақ саңырауқұлақ жіпшелерімен зақымданады.
Источники инфекции – семена. 

Күресу әдістері

Өндіріске төзімді сорттарды енгізу, ғылыми негізделген тұқым шаруашылығын жүргізу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау. Тұқым өсіретін учаскелерді шаруашылық егістен оқшаулау тәртібін сақтау (кем дегенде 0,5 км), ауылшаруашылық машиналар мен құралдарды зарарсыздандыру, төзімді сорттарды өсіру.