KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Жүгерінің тозаңды қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

 

Дақылдар

Жүгеріні зақымдайды.

Таралуы

Аурудың едәуір кең тарағаны  Кубаньда, Солтүстік Осетияда және Қиыр Шығыстың Приморье өлкесінде, мардымсыз тарағаны Ставрополь өлкесінде анықталған..

Аурудың симптомдары

Жүгерінің гүлшоқтары - шашақгүлдері мен собықтары зақымданады. Зақымданған шашақгүлдер қара тозаңды массаға, собықтары - талшықтар мен саңырауқұлақ спорларынан тұратын конус тәріздес қара кесекке айналады. Зақымданған өсімдіктердің бойы нешар өседі, қатты түптенеді, түрлері жиі пішінсіз болып келеді.

Биология

Саңырауқұлақтар топырақта телиоспорлар түрінде сақталады. Телиоспоралар арқылы тарайды. Аурудың салдарынан өнім  40…68 % дейін азаюы мүмкін.
Инфекция көзі – топырақ, зақымданған тұқым.
Аурудың дамуы үшін оңтайлы температура – 28…30 °С.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өнім жиналғаннан кейінгі қалдықтарды жою.