KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Арпаның тозаңды қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобы, Телиомицеттер кіші тобы, Қаракүйелер қатарындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Жаздық және күздік арпаны зақымдайды.

Таралуы

Ресей Федерациясының арпа өсіретін барлық аудандарында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Масақтану кезеңінде зақымданған масақтар алдымен  жұқа мөлдір пленкамен жабылады, оның ішінде споралар массасы жақсы көрінеді. Біраз уақыттан кейін пленка жарылып споралар жан-жаққа тозаңдайды. Масақтың барлық элементтері бүлініп, қара споралы массаға айналады. Масақтың өзегі ғана, кейде қылтанақтарының бір бөлігі зақымданбайды.

Биология

Гүлдену кезінде зақымданады. Тозаңдаған телиоспоралар гүлдің аналық аузына түскен соң өсіп шығып, саңырауқұлақ жіпшелерін түзеді, олар түйіннің ішіне өтеді. Зақымданған дәннің  сау дәннен сырттай айырмашылығы жоқ. Тұқым өсіп шыққанда оған саңырауқұлақ жіпшесі әсер етеді. Ол диффузиялық жолмен өсімдіктің бойына тарайды, өсу нүктелеріне әсер етеді.
Инфекция көзі – зақымданған дән.

Күресу әдістері

Өндіріске төзімді сорттарды енгізу, ғылыми негізделген тұқым шаруашылығын жүргізу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау. Тұқым себілген учаскелерді шаруашылық мақсаттағы егістен оқшаулау (кем дегенде 0,5 км), ауылшаруашылық машиналар мен жабдықтарды зарарсыздандыру, төзімді сорттарды өсіру.