KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Рапс альтернариозы (қара дақ)

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Аскомицеттер тобына жатады.

Дақылдар

Рапсты, қырыққабатты, тарнаны, қышаны және басқа да айқышгүлді өсімдіктерді зақымдайды.

Таралуы

Барлық жерлерде кездеседі.

Аурудың симптомдары

Тұқымның дамуы мен пісуі кезінде сабақта, бұршаққында ұзынша келген күрең дақтар пайда болады. Одан кейін тұқымдар зақымданып, олар бозарып, нәзік, жете дамымай қалады және өсіп шығу қабілетінен айырылады. Жапырақтағы дақтар дөңгелек немесе бұрышты. Зақымданған жапырақтар ширатылады, құрғайды, бұршаққындар жарылады – альтернариоздың симптомдары. Ауа райы ылғалды болса,  өсімдіктің зақымданған бөліктері спор түзген саңырауқұлақтың қара барқытты өңезімен жабылады.

Биология

Қалталы саңырауқұлақ сатысында  – Leptosphaeria exitiosa – айқышгүлділер тұқымдас өсімдіктер зақымдалады. Алғашқы зақымдану ұсақ механикалық зақым келген ұлпалар арқылы бунақденелілердің әсерімен жүзеге асады (рапс гүлжемірі және т.б.).  Инкубациялық кезеңі – 2…3 күн. Екінші зақымдануды және аурудың таралуын вегетациялық кезеңде конидийлер желдің, жауынның және бунақденелілердің көмегімен жүзеге асырады. Ауру тұқымды сақтау кезінде де дамуын жалғастырады. Жекелеген жылдарда ауру жиналатын тұқымның мөлшерін  20…25 % азайтады, оның сапасын едәуір төмендетеді. Инфекция көзі - өсімдік қалдықтары, тұқым, топырақ, онда мицелий мен конидийлер сақталады. Патоген үшін оңтайлы жағдай  – температура 22…25 °С және жоғары ылғалдылық.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тыңайтықтар шашу, арамшөптермен күрес,танапты өсімдік қалдықтарынан тазарту.