KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қытайбұршақтың церкоспорозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қытайбұршақты зақымдайды.

Таралуы

Қытайбұршақ өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Тұқым жарнақтарында күрең дақтар мен жаралар пайда болады, олардың жиектері қара және кірге ұқсас сұр өңездері бар. Жапырақтарда біркелкі  дөңгелек дақтар (3 - 6 мм) орналасады, олар бастапқыда қоңыр, кейін олар ақшыл-сұр түске, шеттері күрең түске өзгереді, төменгі жағында қара-сұр өңез пайда болады. Сабақтарындағы дақтар көкшіл-қызыл түсті, ортасы сұр, шеттері күрең, формасы ұзынша келген, әдетте өңез болмайды. Жасыл бұршақбастағы дақтар, жапырақтағы дақтарға ұқсас, өнімді жинар алдында олар қараяды және сұр-қара түске боялады. Тұқымдарда церкоспороз дөңгелек, дөңес, күрең-сұр дақ ретінде көрінеді.

Биология

Қытайбұршақта өскін шыққаннан бастап піскенге дейінгі уақытта байқалады.  Саңырауқұлақ тұқымда мицелий түрінде, өсімдік қалдықтарында мицелий мен конидиялары бар конидия сағақтары түрінде сақталады.  Конидиялар арқылы тарайды.. Ауру дақылдың өнімділігін 3 - 8 есеге дейін, тұқымның сапасын және оның құрамындағы майды 2,1…6,9 % , протеинді –  4...5 % азайтуы мүмкін.
Инфекция көздері – тұқым, өсімдік қалдықтары.
Мол спор түзу арқылы  қарқынды түрде зақымдауы температура 20…30 °С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы  90…100 % болған кезде орын алады.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, сүдігер жырту, тыңайтқыштар шашу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, кеш себу мерзімі,  дәнді дер кезінде жинау және құрғату, өсімдік қалдықтарын жинау, төзімді сорттарды пайдалану.