KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Күнбағыстың ақ ұнтағы

Аурулар
Классификация

Аскомицеттер тобындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады..

Дақылдар

Күнбағысты зақымдайды.

Таралуы

Күнбағыс өсіретін барлық аймақтарда кездеседі, алайда оңтүстіктегі жазықтағы аудандар көп зиян шегеді.

Аурудың симптомдары

Жапырақтары және ішінара сабақтары зақымданады.  E. cichoracearum зақымданғанда жапырақтың жоғарғы бетінде спор шашқан саңырауқұлақ жіпшелері орналасқан ақ киізге ұқсас тұтас жабылған өңез байқалады.  L. compositarum қоздырғышы сары және шеті қоңыр болып келетін дақ қалыптастырады, ол мицелий арқылы кейде жапырақтың үстінде немесе астында аздап жапыраққа сіңіп орналасады. Күнбағыстың өсу барысында ауру қоздырғыштар бірнеше жерде жыныссыз спорлардың генерацияларын түзеді - конидий, олар өсімдіңтің басқа учаскелерін зақымдай бастайды. Конидий  мицелийде бір-бірімен байланысқан шынжыр  (E. cichoracearum) түрінде қалыптасады, кейде жеке бөлек-бөлек  (L. compositarum) орналасады..Күнбағыстың вегетациялық мерзімі аяқталған кезде  оның зақымданған жерлерінде клейстотецийлер пайда болады.

Биология

Инфекцияның алғашқы көзі зақымданған күнбағыс жапырақтары мен сабақтарында сақталып қалған және қыстап шыққан мицелий болып табылады.Ауру әдетте өсімдік гүлдеген кезде байқалады. Ақ ұнтақпен жапырақтар қатты зақымданған кезде оның уақытынан бұрын құрғап қалуына ықпал етеді, сондықтан көнбағыстың өнімділігі төмендеп, майлылығы азаяды.
Инфекция көзі– өсімдік қалдықтары.
Клейстотецийлер өсіп шыққан соң қыстап шыққан мицелийлер температура 14 - 17  °C болған жағдайда ауруды қайтадан қоздырады. Оның қарқындылығы ауа райы ыстық және құрғақ болған жағдайда артады. 

Күресу әдістері

Ауыспалы егістік талаптарын сақтау, төзімді сорттар мен будандарды пайдалану.