KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қызылша мен сәбіздің ақ ұнтағы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қызылшаны, сәбізді зақымдайды.

Таралуы

Қызылша егетін барлық аймақтарда кездеседі, әсіресе Паволжьеде басым.

Аурудың симптомдары

Бірінші және екінші жылдарда өсімдіктің жер бетіндегі органдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері өсімдіктің ортаңғы және төменгі белдеуіндегі жапырақтардың асты мен үстін жапқан ақ ұнтақты өңездер түрінде байқалады. Жаздың екінші жартысында өңезде  бастапқыда қоңыр, кейін қара нүктелер -  клейстотецийлер пайда болады. Өсімдік зақымданғанда транпирация күшейеді, қант пен басқа да органикалық заттарды синтездеу процесі бұзылады, тамырдағы қоректік заттардың тасымалдануы нашарлайды, жапырақтары тез сарғаяды.

Биология

Қоздырғыш - тек тірі өсімдікте дамитын паразит болып табылады. Ақ өңездер саңырауқұлақ жіпшелерінен, конидия сағақтарынан және конидиялардан тұрады, олар бірнеше рет көбейіп, басқа өсімдіктерді зақымдайды. Қоздырғыш клейстотецийлер түрінде өсімдік қалдықтарында, топырақ бетінде, тұқымда, тамыржемістілердің тұқымында сақталады.  Клейстотецийлерде бастапқы зақымдау көзі болып табылатын споралы қалталар түзіледі.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, тұқымдар, тамыржемістілердің тұқымдары, топырақ.
Патогендерге қолайлы жағдай туындаған кезде ауру тез тарайды, әсіресе ауа райы құрғақ және ыстық болған кезде, температура 20 - 30 °С болғанда жақсы дамиды. Жауын жиі жауған кезде қоздырғыштың белсенділігі төмен болады.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тыңайтқыштар қолдану, қышқылды топырақты әктеу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, отырғызатын тұқымдық материалдарды басқалардын оқшаулап ұстау, танаптан пәлектерді жинап алу.