KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Жүгері жапырақтарының гельминтоспориоздық дағы (солтүстік гельминтоспориоз)

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Жүгеріні зақымдайды.

Таралуы

Ауру Краснодар, Приморье өлкелерінде, Алтайда, Мәскеу маңында, Сібірде кездеседі.

Аурудың симптомдары

Төменгі жапырақтарда кішкене ашық-сұр дақтар пайда болады. Ауру біртіндеп үстіңгі жапырақтарға тарайды және дақтар ұзарып, ортасы ақшыл күрең түске өзгереді, шеттері қараяды. Дақтың ұзындығы 3…7 см, ені 0,4…1 см. жетеді. Қолайлы жағдай туған кезде дақтар қосырып, жапырақ құрғайды.  Ауа райы ылғалды болса, жапырақтың астыңғы жағында қара-зәйтүн түсті өңез пайда болады.

Биология

Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында мицелий және хламидоспор түрінде сақталады. Конидиялар арқылы тарайды. Ауру салдарынан өнім 40…68 % төмендейді..
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары.
Конидийдің өсіп шығуына қолайлы температура 23…30 °С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы –  90% жоғары.

Күресу әдістері

Өнім жиналғаннан кейінгі қалдықтарды жою, ауыспалы егіс (жүгері мен қонақ жүгеріні 1 - 2 жыл бойы бір танапта екпеу керек.), өнімді оңтайлы мерзімде жинау, жүгерінің ауруға төзімді будандарын пайдалану.