KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Август-Бел

2007

негізі қаланған жыл

15

жылына млн. л препарат

12

жалпы аумағы гектар

360

қызметкерлердің саны

"Август-Бел" ЖАҚ - Белорусь Республикасында ӨҚХЗ шығаратын алдыңғы қатарлы, ТМД аумағында ең қуатты кәсіпорындар қатарына жатады,

Зауыт Ресейге, Украинаға, Молдоваға, Арменияға, Қазақстанға, сондай-ақ алыс шетелдерге (Латын Америкасы және Оңтүстік Африка) сұйық формадағы пестицидтердің 90 астам түрлерін шығарады, келешекте басқа мемлекеттерге де шығарып, ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

"Август-Бел" өндірістік кешені алдыңғы қатарлы технологиялардың ең жақсы жетістіктерін игерген. Кәсіпорында жетекші европа өндірушілерінің жоғары технологиялы қондырғылары пайдаланылады. Зауыттың Белорусиядағы теңдесі жоқ зертханасы шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ететін шикізат пен өндірістік препараттарды бақылайтын ең жоғары сапалы аспаптармен жарақтандырылған.

Зауытта заманауи оқу орталығы құрылған, онда 12 жылдың ішінде республика шаруашылықтарының бірнеше мың басшылары мен мамандары білім алды. Сонымен қатар кәсіпорынмен Ресейдің, Украинаның, Молдованаың, Қазақстанның және алыс шетелдердегі ауылшаруашылық ЖОО оқытушылары мен студенттерін таныстыру дәстүрге айналды.

2017 жылда "Август-Бел" зауыты табиғат қорғау саласында жаңадан рұқсат алды, яғни ол қоршаған ортаға өндіріс әсерін азайту үшін ең үздік қол жетімді техникалық тәсілдерді қолданғанын дәлелдейді.

"Август-Бел" ЖАҚ құрылымдық бөлімшесі орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ) Беларусь Республикасының ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 (ISO/IEC 17025:2017, IDT) ұлттық стандартына сәйкес аккредитация өтті, 05.10.2025 жылға дейін BY/112 2.3971 аккредитация аттестатының күші сақталады.

Европалық аккредитация (ЕА) жөніндегі ұйымы Басқару комитетінің 2018 жылғы 4 қазандағы шешімімен аккредитация жөніндегі халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша және Беларусь Республикасының Ұлттық аккредитациялық жүйесіне сәйкес ол европалық және халықаралық талаптарға сай деп танылды. Сонымен Беларусь Республикасының Ұлттық акредитациялық жүйесі аккредитация жөніндегі халықаралық қауымдастықтың толық құқықты мүшесі және талаптарға сай болып танылды. Сондықтан елге берілген сынақтың, калибровканың хаттамалары, өнімнің, қызметтің, менеджмент жүйесі мен қызметкерлердің сәйкестік сертификаттары шетелдерде де танылады.

ОЗЗ, акредитталған субъект ретінде, кәсіпорын жүргізген өсімдік қорғайтын заттарға сынақ өткізуге техникалық жағынан құзырлы орган болып табылады. Зертхана қызметкерлері біліктілікті тексеру бағдарламасына қатыса отырып және алған нәтижелері мен оны ресімдеу ісінің дұрыстығын растай отырып, өздерінің жоғары біліктілік деңгейлерін үнемі дәлелдеп келеді. Зертханалар арасында жүйелі түрде салыстыра отырып сынақ өткізу сынақтың қате нәтижелерін анықтап қана қоймай, сонымен қатар оның алдын алуға мүмкіндік береді.

2014 жылда орталық зауыт зертханасы "Біліктілік-2013" конкурсына қатысып, Беларусь Республикасындағы аккредитталған зертханалардың ішінде "Қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария саласындағы ең үздік зертхана" номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Орталық зауыт зертханасы ең заманауи, дәл өлшейтін және қымбат өлшегіш және сынақ құралдарымен жабдықталған, олар өз бағытындағы құралдардың ішінде ең сапалысы, сондай-ақ аккредитация талаптарына сәйкес сынақты жоғары деңгейде өткізу үшін қажет әлемдегі алдыңғы қатарлы өндірушілердің жабдықтаушы және қосалқы материалдарымен жабдықталған. Зертханада жұмыс істейтін қызметкерлерге жоғары талаптар қойылған: олардың арнайы білімдері, тиісті біліктіліктері мен мол тәжірибелері бар.

Зертхана жеке тұлғалармен де, сондай-ақ заңды тұлғалармен де жұмыс істейді, оларға хроматографиялық, фотометриялық, титрометриялық, потенциометриялық және басқа да сынақтарға байланысты кең спектрлі қызмет түрлерін ұсынады.

  • өсімдіктерді қорғау құралдары (сыртқы пішіні, тығыздығы, әсерлі заттардың массалық концентрациясы, сулы суспензияның тұрақтылығы, эмульсияның тұрақтылығы, салқындату кезіндегі тұрақтылығы, Брукфильд бойынша көзге көрінетін қоймалжыңдығы, судың массалық үлесі, сутек иондарының белсенділік көрсеткіші, дисперстігі (сулап себу арқылы анықтау әдісі), қышқылдығы (күкірт қышқылына аударып есептегенде);
  • ауызсу (сутек иондары белсенділігінің көрсеткіші, темірдің жалпы концентрациясы, лайлылық, жалпы тұзды.

МЕКЕНЖАЙЫ: 222852, Минск обл. Пуховичск ауданы, Дружный кенті а/я 81