KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Август-Хубей

2015

негізі қаланған жыл

7500

жылына тонна ә.з.

36

ә.з. атаулары

100

қызметкерлердің саны

ҚХР Хубэй провициясындағы «Hubei Avgust Pesticide Co. Ltd» - пестицидтердің әсерлі заттарын өндіретін заманауи кәсіпорын. Ол іске қосылғаннан бастап "Август" ӨҚХЗ шығаруға арналған Ресейдегі алғашқы ә.з. өндіруші болды. Ол "Август" зауыттарына шикізат компоненттерін жеткізуді оңтайландыруға мүкіндік береді.

Жоба қытайлық әріптестермен бірге жүзеге асырылды. Кәсіпорынды салуға байланысты "Август" инвестициясы 40 млн. АҚШ долларын құрады. Зауыт заманауи қондырғылармен, автоматтандыырылған бақылау және өндірістік процестерді басқару жүйелерімен жабдықталған.

Жаңа зауыт 2020 жылғы сәуірден бастап өнім шығара бастады - цехтарда бірінші кезекте қажет фингицидтердің ә.з.: тебуконазол мен пропиконазол шығарды. Қалған ә.з. игеру жұмыстары жалғасуда.

Зауытта өндірілетін әсерлі зат компоненттері алдымен "Августың" Ресей мен Белорусиядағы формуляциялық кәсіпорындарына жіберіледі. Хубэйдегі кәсіпорын толық қуатпен жұмыс істеген кезде "Август" зауыттарын толық көлемде ең қажет ә.з. қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар кәсіпорын өнімді Қытайға және сыртқы әлемдік нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Қытайдағы зауытта "Август" компаниясының барлық зауыттарында әзірленген және қолданылып келе жатқан ә.з. сапасына қойылатын қатаң нормативтер мен талаптар сақталған. Кәсіпорында ҚХР-да қолданылатын қатаң экологиялық нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін кешенді табиғат қорғау объектілері бар.