KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Август-Алабұға

2016

негізі қаланған жыл

50

жылына млн. л препарат

17,7

жалпы аумағы гектар

200

қызметкерлердің саны

"Август-Алабұға" ЖШҚ - Татарстан Республикасында "Алабұғадағы" заман талабына сай кәсіпорнын. Зауыт "Август" компаниясының қаражатына салынған. Оған 4 млрд.рубль қаржы жұмсалды. Сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қоры демеуші болып, 500 млн.рубль қаржы бөлді.

"Август-Алабұға" өз өнімдерімен Ресейдің ӨҚХЗ нарығындағы қажеттіліктің үштен бірін қамтамасыз ете алады, ал оның қажеттілігі жылына 160 мың тонна препарат, яғни Ресей нарығындағы жағдайды жақсартуға байланысты үлкен қадам болып табылады.

Зауыт ерекше жоба бойынша салынған, яғни "барлығы бір шатырдың астында". Өндіріс үлкен бір ғимаратқа орналастырылған, қызметкерлер сыртқа шықпай-ақ кез келген жерге бара алады.

Кәріпорын Ресейдің, Германияның, Италияның, Чехияның, Португалияның, Жапонның өндіруші компанияларының озық қондырғыларымен жабдықталған. Жоғары деңгейде автоматтандыру және робот техникаларын кеңінен қолдану өндірістік процестердің сенімділігін, өнімнің жоғары сапасы мен сақтауды, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздің техникасын сақтауын қамтамасыз етеді.

"Август-Алабұға" - көп тонналы пестицидтердің сұйық препараттық формаларын өндіру жөніндегі өте заманауи кәсіпорын болып табылады. Бұл фармацевтикалық және косметикалық өнімдер шығаратын кәсіпорындар сияқты формуляциялық, "таза" өндіріс. Жалпы бұл жерде түйіршіктер мен суланатын ұнтақтардан басқа өсімдік қорғауға арналған барлық формуляциядағы заттардың 40 түріне дейін бір уақытта шығаруға болады.

Өндірістік циклдың барлық кезеңдерінде сапаны тәулік бойы бақылауды зауыттың ғылыми орталығы қамтамаыз етеді. Оның зертханасы ең жаңа қондырғылармен жабдықталған.

"Август-Алабұға" кәсіпорны басшылығының негізгі стратегияларының бірі - қоршаған ортаны қорғау. Тек зауытты салу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 233 млн.рубль инвестиция салынды. Өндірістің экологияға зардабын төмендету үшін әртүрлі амалдар қолданылды.

"Август-Алабұға" ЖШҚ-да "Август" фирмасы АҚ менеджменттік жүйесімен бірлестірілген және соның негізінде әзірленген корпоративтік менеджмент жүйесі жұмыс істейді. "Август-Алабұға" ЖШҚ КМЖ-нің сапа, қоршаған ортаны қорғау, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық саласындағы негізгі принціпі "Август-Алабұға" ЖШҚ саясатымен ұштасып жатыр.

423601, Татарстан Республикасы, Елабұға ауданы, Елабуга қаласы, Ш-2 көшесі ( ОЭЗ «Алабуга» аумағы), 6/5 ғимарат

Телефон

+7 (85557) 5-26-03