KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Компания

"Август" өсімдіктерді қорғауға арналған препараттарды зерттеу, өндіру және оны ақпараттық-технологиялық қолдау жөніндегі ең ірі ресейлік компания.

Ол 1990 жылғы 31 тамызда құрылған.

Компания туралы басты ақпарат.

Құрметті әріптестер, достар!

Халықаралық "Август" компаниясы Қазақстанның өсімдік қорғау заттары нарығында 2007 жылы "Август-Қазақстан" ЖШС еншілес кәсіпорнының ашылуы негізінде пайда болды. Содан бері "Август" пестицидтерді өндіру-жеткізу саласында жетекші рольге ие болып келеді, соңғы екі жылдың нәтижесі бойынша Қазақстанның ӨҚХЗ нарығында көшбасшы болып табылады.

Республикада компания препараттарының ассортименті жыл сайын кеңейіп келеді. Бүгінгі күнге компания ауылшаруашылық өндірушілерге ауылшаруашылық дақылдардың 40 астам түрлерін кешенді қорғауға арналған 94 өнімді ұсынып отыр.

"Август" компаниясының препараттары қант қызылшасы, қытайбұршақ, рапс, дәнді дақылдар, жүгері егістіктерінің едәуір бөлігіне қолданылады, және жыл сайын артып келе жатқаны байқалады. "Август" жыл сайын сапасы мен тиімділігі жоғары жаңа препараттарды тіркеуде.

Компания қуатты заманауи өндірістік база құрған. Оған үш кәсіпорын кіреді - Чуваш Республикасындағы "Вурнар препараттар қоспасы зауыты", Белорусиядағы "Август-Бел" зауыты және мүлде жаңа зауыт "Август-Алабұға". "Август-Бел" Белорусь Республикасындағы өсімдік қорғау заттарын шығаратын ірі заманауи кәсіпорын, ол 2009 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бұл зауыт сулы ерітінді, эмульсия концентраты және сулы концентрат, сондай-ақ фунгицидтер, тұқым дәрілеуіш және эмульсиялық инсектицидтер түрінде экологиялық формада гербицидтер препараттарын шығаруда заманауи технологиялық өндірісті қамтамасыз етеді. "Август-Бел" зауытының өндірістік кешенінде ең алдыңғы қатарды технологиялар қолданылады. Кәсіпорын жетекші европалық өндірушілердің жоғары технологиялы қондырғыларымен жабдықталған. Зауыт зертханасы өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін кірген шикізаттар мен өндірілген препараттарды бақылауға мүмкіндік беретін ең жақсы аспаптермен жабдықталған. Сондай-ақ төрт қабатты канистр шығаратын неміс қондырғысы орнатылған.

«Август-Алабұға» ЖШҚ – Татарстан Республикасында «Алабұға ЕЭА-дағы аса заманауи кәсіпорын болып табылады. Зауыт «Агуст» компаниясының қаражатына салынған. Салынған қаржы 4 млрд.рубльді құрады. "Август-Алабұға" өз өнімдерімен Ресейдің ӨҚХЗ нарығындағы қажеттіліктің үштен бірін қамтамасыз ете алады, ал оның қажеттілігі жылына 160 мың тонна препарат, яғни Ресей нарығындағы жағдайды жақсартуға байланысты үлкен қадам болып табылады. Зауыт ерекше жоба бойынша салынған, яғни "барлығы бір шатырдың астында". Өндіріс үлкен бір ғимаратқа орналастырылған, қызметкерлер сыртқа шықпай-ақ кез келген жерге бара алады. Кәріпорын Ресейдің, Германияның, Италияның, Чехияның, Португалияның, Жапонның өндіруші компанияларының озық қондырғыларымен жабдықталған. Жоғары деңгейде автоматтандыру және робот техникаларын кеңінен қолдану өндірістік процестердің сенімділігін, өнімнің жоғары сапасы мен сақтауды, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз етеді.

«Август» компаниясының қуатты ғылыми бөлімшелері әсерлі заттардың тиімді үйлесімділігін келістіре отырып, жоғары технологиялы препараттық формаларды әзірлейді. «Август» компаниясы халықаралық ISO 9001: 2000, ISO 14001: 2004 и OHSAS 18001: 2007 (сапа, экология және кәсіби қауіпсіздік менеджменті жүйесі) стандарттарының талаптарына сәйкес өзі өндіретін препараттардың сапасын дәлелдеді.

«Август» компаниясы технологиялық қолдауға арналған агрономиялық «Роle-online» порталын әзірледі. «Роle-online» порталы нақты уақыт режимінде дақылдарды өсіру технологиясын, өсімдік қорғау жөніндегі шешімдерді, сондай-ақ агрономдар қабылдаған басқа да технологиялық аспектілерді көрсетеді.

Компанияның миссиясы – өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттарды пайдалана отырып, егіншілерге олардың мүмкіндіктерін толығырақ жүзеге асыруға көмектесу. 2020 жылда Ресейдің ӨҚХЗ өндірушілерінің ішінде бірінші болып Қытайдағы «Hubei Avgust Pesticide Co. Ltd.» заманауи зауытында әсерлі заттарды өздері синтездей бастады. Жоба бойынша жаңа кәсіпорынның қуаттылығы жылына 7,5 мың тонна өнім. 2021 жылдан бастап аграрийлер компанияның үш формуляциялық кәсіпорындарында – Татарстандағы «Август-Алабұға», Чувашиядағы Вурнар зауыты және Беларусиядағы «Август-Бел» кәсіпорындарында өздері әзірлеген белсенді заттардың негізінде дайындалған препараттарды алды.

«Август» компаниясының командасы әрбір ауылшаруашылық өндірушілерінің одан әрі де сенімді серіктесі болып қалу үшін үнемі жұмыс істеп келеді. Ауылшаруашылық өнімдерді өндіру саласындағы көшбасшылардың ішінде көптеген компаниялар «Август» фирмасының өнімдерін тұтынушылар болып табылатыны құпия емес.

Стратегия
Бизнес саласы
Компанияның болжамы
Компанияның миссиясы
Мақсатты топтар

Біз өсімдіктерді қорғау саласында кешенді және инновациялық шешімдер ұсынамыз. Компанияның қызметіне өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын әзірлеу, өндіру және оны қолдануды ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету жатады.

Біздің мақсатымыз - өсімдік қорғайтын химиялық заттар өндіру және сату саласында әлемдік көшбасшылардың алғашқы ондығына ену

Өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды пайдалана отырып, дихандарға олардың мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға көмектесу.

Біздің әріптестеріміз - егіншілер. Біздің жетістігіміздің негізі - олармен адал және ұзақ мерзімдік қатынас орнату.

Мансап

Бос орындар0

Бос орындар бар

Бос орындар жоқ

Байланыстар

Орталық офис

+7 (7172) 72-51-25+7 (7172) 72-51-75kz@avgust.com

010000, Нұр-Сұлтан қ.

Бейбітшілік көшесі, 14 үй

"MARDEN" бизнес орталығы

605 - 610 офистер